100-ден аса оқушы «Құстарға үй сыйла» акциясына қатысты

Абай облысында 100-ден аса оқушы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында құстарға арналған 130-ға жуық ұя дайындады.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясына Абай облысының білім беру ұйымдары да атсалысты. Бейбітшілік аралында «Құстарға үй сыйла» экологиялық акциясы өткізілді. Акция мақсаты — Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде оқушыларды құстарға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.
Акцияға облыстан жүзден астам мектеп оқушысы мен интернат тәрбиеленушілері қатысты. Құстарға арналған ұя жасаудан шебер-сынып көрсетілді. Балалар топқа бөлініп, жасаған ұяларын бұталарға орналастырды. Игі іс-шара аясында құстарға арналған 130-ға жуық ұя дайындалды.
Айта кетейік, акцияға облыс орталығының жеті мектеп оқушылары жұмылдырылды. Көктемгі екі айлық мамыр айының соңына дейін жалғасады.