Ақтөбедегі «Үміт» балалар үйіне Toyota Hiace шағын автобусы сыйға берілді

Ақтөбе қаласында орналасқан «Үміт» мамандандырылған балалар үйіне сыйлық ретінде жаңа 12 орынды Toyota Hiace шағын автобусы табысталды. Бұл көлік Orbis Auto автомобиль тобына кіретін Toyota City Astana ресми дилері тарапынан әлеуметтік бастамаларды қолдау аясында берілді.

«Үміт» мамандандырылған балалар үйі — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбилер тұратын медициналық-тәрбиелік мекеме. Бұл жердегі даму ерекшеліктері бар көптеген тәрбиеленушілер тұрақты медициналық және педагогикалық көмекке, сондай-ақ тексерулер мен арнайы сабақтарға жүйелі түрде қатысып тұруға мұқтаж. Бұған дейін мекемеде ескірген көлік болатын, ол жиі бұзылып, қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайтын.

«Әрбір бала қауіпсіз және бақытты балалық шаққа лайық екеніне сенімдіміз, балалар – біздің ортақ болашағымыз. Сондықтан да осындай әлеуметтік бастамаларды қолдау және осал топтағы жандарға қамқорлық көрсететіндерге көмектесу біз үшін маңызды. «Үміт» тәрбиеленушілері үлкен және тамаша әлемді енді жиі танып-біле алады деген ой бізге үлкен қуаныш сыйлайды», – деп белгіледі Orbis Auto компаниясының бас директоры Динара Искакова.

Заманауи әрі сенімді шағын автобус балалар үйінің ұжымы үшін үлкен көмекші болады. Бұл қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, көлік мәселесін шешуге кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Toyota Hiace моделі кездейсоқ таңдау емес – ол балаларды ертіп сапарларға шығуға өте ыңғайлы көлік. Биік төбе мен кең есіктер мініп-түсуді қауіпсіз әрі ыңғайлы етеді. Көліктің кең салонына 12 жолаушыға дейін сыяды, әр орын қауіпсіздік белдігімен жабдықталған. Жұмсақ аспа, шуды оқшаулау және тиімді кондиционер жүйесі ұзақ жолдарда да жайлылықты қамтамасыз етеді.

Toyota Hiace шағын автобусымен «Үміт» мамандандырылған балалар үйінің күнделікті өмірі әлдеқайда жайлы әрі қызықты болмақ. Жаңа көлік бүлдіршіндерге қызықты жерлерге, жаңа әсерлер мен таныстықтарға толы үлкен әлемге есік ашты.

Telegram-канал: Ақтөбедегі «Үміт» балалар үйіне Toyota Hiace шағын автобусы сыйға берілді