2024 жылы Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен *13,6 миллион жолаушы тасымалданды
Өткен жылы Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 13,6 миллион жолаушы тасымалданды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы және барлық өңірлік филиалдардың өкілдері қатысты.Кездесуде барысында 2024 жыл Ұлттық тасымалдаушы үшін маңызды кезең болғаны атап өтілді. Бұл жыл тұрақты өсім мен елеулі нәтижелермен ерекшеленді.
«Жолаушылардың сенімі – біздің басты құндылығымыз, ал біздің міндетіміз – олардың сенімін ақтап, ыңғайлы әрі сапалы тасымал қызметтерін қамтамасыз ету. Біздің міндетіміз – пойызды логистика, ойын-сауық, медиасервистер және басқа да көлік түрлерімен үйлескен заманауи экожүйенің маңызды бөлігіне айналдыру. Компания үшін негізгі стратегиялық басымдықтардың бірі – вагон паркін жаңарту», – деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Ахметжанов.
ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
2024 жылы Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 13,6 миллион жолаушы тасымалданды. Ең сұранысқа ие бағыттар ретінде Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей анықталды. Ал жазғы маусымда 4,2 миллион жолаушы тасымалданды.
ВАГОН ПАРКІН ЖАҢАРТУ
2024 жылы Петропавл қаласындағы отандық зауытта жасалған 118 жаңа вагон пайдалануға енгізілді. Соның ішінде қала маңына арналған 6 заманауи вагон «Астана-Бурабай курорты» бағытына шығарылып, жолаушыларға жоғары жайлылық деңгейін ұсынды.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
2024 жылы пойыздардағы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында төсек-орын жабдықтарының жаңа стандарты енгізілді. Сүлгілердің өлшемдері жаңартылып, матрастар таймайтын бетпен жабдықталды, жастықтардың толтырғыштары жақсарды, ал жастық қаптарына клапандар қосылды.
Пойыздарда тазалық жұмыстары тұрақты түрде жеке компаниялардың қатысуымен ұйымдастырылып, қызмет сапасы мен жиілігі жақсартылды. Бұған қоса, дератизация, дезинсекция және дезинфекция шаралары мұқият жүргізілді.
СҰРАНЫСҚА ИЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
2024 жылы теміржол билеттерін онлайн сатудың үлесі 80%-ды құрап, алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсті.
«Әйелдер вагоны» қызметі 3 жаңа бағытпен толықтырылып, жалпы саны 11-ге жетті. Іске қосылған сәттен бастап бұл қызметті 531 мың әйел пайдаланды.
«Күту парағы» қызметі де жоғары сұранысқа ие болды. 2024 жылы осы қызметті 174 мың адам пайдаланып, кезек тәртібімен билет алып, жолға шықты.
2024 жылы мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін 533 мың билет рәсімделіп, олардың сапарларының қолайлылығы мен жайлылығы қамтамасыз етілді.
ЖАҢА ТУРИСТІК БАҒЫТ
2024 жылы жүзеге асырылған басты жобалардың бірі – «Jibek joly» жаңа туристік бағыты болды. Бұл маршрут Ташкент, Самарқанд, Алматы, Түркістан және Шымкент қалаларын біріктірді. Жоба аясында екі сапар ұйымдастырылып, 200-ден астам турист сапарға шықты.
КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТ
Ұлттық тасымалдаушыда шамамен 11 мың қызметкер еңбек етеді. Олардың қатарында машинистер, жолсеріктер, кассирлер, слесарьлар, электромеханиктер және басқа да мамандар бар. Пойыз бригадаларының жалпы саны 4 735 адамды құрайды, оның ішінде 175-і – жолаушылар пойыздарының басшылары.
2024 жылы құрамға 1 397 жаңа қызметкер қосылды, сондай-ақ 3 213 қызметкер, оның ішінде 1 628 пойыз бригадасының мүшесі, біліктілігін арттырды.
2025 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАР
2025 жылы Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар тасымалдарының сапасын жақсарту, сервисті жетілдіру және вагон паркін жаңарту бойынша жұмысын жалғастырады. Атап айтқанда, отандық және Штадлер өндірісіндегі жаңа вагондар жеткізіледі. Негізгі бастамалар қатарында пойыздарға интернет қосу және жағдайлық орталықты іске енгізу жоспарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын нығайту, сондай-ақ теміржол мамандықтарының беделін көтеру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі