2025 жылға қарай 41 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, оның шеңберінде 22 мыңнан астам адам тұратын 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көзделген.
Аталған елдімекендердің 35-і Солтүстік Қазақстан облысында, 3 – і Ақмола облысында, 3 – і Қызылорда облысында орналасқан.
«2025 жылға қарай 41 ауылдық елдімекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және 52 ауылдық елдімекенді сумен жабдықтауды жақсарту үшін шамамен 1200 км топтық су құбырларын салу жоспарлануда, онда барлығы 55 мыңнан астам адам тұрады»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.