Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Əлем Кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні командалық жарыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады. Алтын медаль үшін тартысты Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20.
Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған Ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан. Осыдан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті жұлып əкетті. Есеп: 45-44.
Ал жартылай финалда Ұлттық құрама испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).
Жалпы бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.