2023/24 күзгі-қысқы топтамалары ұсынылды

Киім, аяқ киім және аксессуарларды өндірушілер өздерінің 2023/24 күзгі-қысқы топтамаларын ұсынды. Сән көрсетілімдері Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесі, сондай-ақ Elite Line халықаралық аяқ киім, үлбір, былғары және аксессуарлар көрмесі аясында өтті.
Күздің басы — алдағы суық күндерге дайындық туралы ойланатын ең жақсы уақыт: сәнді жаңа өнімдер көрсетілді, байерлер саудаларын жасады, ал енді сән дүкендерінің сөрелерінде қандай киімдердің пайда болатыны туралы нақтырақ айтуға болады.
Байер Ильмира Ахенбекова дүкен иелері жаңа өнімдердің сөрелерде тезірек пайда болуына қызығушылық танытатынын айтуда: «Кәсіпкерлікпен айналысқаныма 16 жыл болды. Соңғы жылдары жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл: жеткізу жылдамырақ бола түсті, ал қазіргі уақытта жылдамдық маңызды орын алады. Сән бизнесінде, әдетте, кім бірінші келсе, сол жеңеді»

Сыртқы киімдер
Көптеген трендер жалғаса бермек: шашақты киімдер, оверсайз, сырмалы киімдер де дизайнерлердің назарын аудартуда, дегенмен алдағы маусымдағы суық күндер айтарлықтай түрлі әрі жарқын болмақ. Жаңа және жетілдірілген дизайнда ұсынылған бомбер күрткелері, былғары күрткелер, пәлтелер, мамықтан жасалған күрткелер мен плащтар, сондай-ақ тондар мен дубленкалар өзектілігін жоғалтпайды.
Маусым арасында өндірушілер жылы жүннен немесе жұмсақ трикотаждан жасалған жайлы кардигандарды ұсынады. Кесінділері, сәндік түймелері мен көлемді жеңдері бар бұйымдар сәнге айналмақ.
Көлемді жеңге, ерекше декорға немесе қалыпты емес кесінділерге, сондай-ақ эко-былғары немесе басқа экологиялық материалдардан жасалған күрткелерге назар аудару ұсынылады.
Пальтолар да өзектілігін жоғалтпауда: тік пішімді үлгілер трендте, сонымен қатар көлемді иықты немесе жағалылары, сондай-ақ қысқа жеңділерді сұранысқа ие болмақ.
Ұзын көлемді пальтолар немесе денеге жабысып тұратын үлгілері де сәнқойлардың таңдауына қарай өзектілігін жоғалтпауда. Тор, геометриялық өрнектер немесе монохромды үлгілер, сондай-ақ былғарыдан жасалған өнімдер.
Қара және қоңыр классикалық немесе оған қарама-қарсы ашық жасыл, қызыл және көк түсті дубленкалар алдағы маусымда қайта танымал болмақ.
Егер тондар туралы айтатын болсақ, жасанды теріден немесе эко-материалдан жасалған «тэдди» трендтен кетер емес, көлемді сұлбалы, ұзын түкті немесе ашық түстердегі қысқартылған үлгілі үлпілдек өнімдерге назар аударғаныңыз жөн.
Сонымен қатар, табиғи аң терісінің өкілдері үміттерін үзбейді, мысалы, Ресейлік үлпек-ұлпан одағының (РПМС) президенті Сергей Столбовтың айтуынша: Белгілі бір теріс тенденция басым болып тұр: аң терісін алсақ, соңғы 3-4 жылда тауар айналымы шамамен 30-40 пайызға қысқарды. Италия мен Грекиядағы сәнді өнімдерді негізгі өндірушілердің зауыттары қазір банкроттық жағдайды кешуде, кейбірі тіпті жабылу сатысында. Еуразиялық экономикалық одақ нарығы не болатынын күтумен отыр. Бірақ қалай болғанда да, тері өнімдері бар, ертең де және тағы 70-90 жылдан кейін де бола бермек. Бұл ұзақ мерзімді салымдар: Кеңес заманында әжелеріміз бен ата-аналарымыз киген киімдерді сандыққа сақтап, алып шығарып отырған. Сондай-ақ қазір киімдерді қалпына келтіру мен қайта өңдеу үрдісі орын алуда, бұл тіпті экологтар мен жануарлар құқығын қорғаушылардың көңілдерінен шығуда».
Түрлі ұзындықтағы ыңғайлы мамық күрткелер әртүрлі нұсқаларда, капюшондармен, көлемді жағалармен және кез келген талғамға сәйкес келетін түстерде ұсынылады.
Көлемді, түрлі сәндік элементтері: аппликациялар, принттер, кестелер бар бомберлерді таңдаған жөн.
Бірнеше маусым бұрын сәнге енген жеңсіз курткелер де маст-хэв болуда: теріден жасалған, сәндік элементтері бар, классикалық спорттық үлгілер сөрелерде міндетті түрде пайда болмақ.

Аяқ киімдер
Маусымдық аяқ киімің жаңа өнімдерін ұсына отырып, Elite Line халықаралық көрмесіне қатысушы өндірушілер сапа жағынан еуропалықтардан еш кем түспейтін Орталық Азия брендтеріне назар аударуды ұсынады.
“Бұрын аяқ киімге қатысты «Made in Uzbekistan» деген ұғым жоқ еді. Соңғы бес жылдың ішінде халықтың көзқарасы өзгерді, қазір біз өзімізде шығарылған аяқ киімдерді киеміз. Бренд жасау үшін уақыт қажет болды, бұл біздің қолымыздан келді. Сапалы аяқ киім тіге аламыз, халықтың жартысынан көбі өз өндірушілерімізді таңдайды. Біздің аяқ киімдердің бағасы басқа өндірушілерге қарағанда әлдеқайда төмен, бағасы мен сапасына қоса, қазірдің өзінде қытайлықтармен бәсекелесудеміз, — дейді «Узчармсаноат» қауымдастығы төрағасының орынбасары Фарход Нурмухаммедов.
Әйелдер үліглері арасындағы маусымның басты хиті — табаны әдемілеп сәнденген платформалық, сонымен қатар тағы да «гармошка» және «құбыр» тектес аяқ киімдер. Алдағы күзгі-қысқы кезеңнің негізгі тенденциялары: теріден жасалған аяқ киім, сабо, луноходтар, лоферлер, жокейлік етіктер. Ерекше өкшелі, төртбұрышты ұшты аяқ киімдерге назар аударған жөн. Күміс, геометриялық кескіндер, монограммалар мен логотиптер, сондай-ақ түрлі баулар осы маусымның хит тауарлары болмақ.

Аксессуарлар
Алдағы маусым сан алуан сөмкелермен ерекшеленеді. Клатчтар, тері, шынжырлар, қалыпты емес пішіндегі сөмкелер немесе бір қатарынан екі сөмке, сондай-ақ көлемді кең сөмкелер — осының бәрі сатып алушылардың көз жауын алмақ. Қызыл нәзік немесе аса танымал күміс түсті, сондай-ақ пэтчворк элементтері бар түпнұсқалық бұйымдар әрбір сатып алушының даралығын айқындамақ.
Ал, өз кезегінде, сәнқойлар гардеробтарында жаңа заттарға орын дайындап жатса, байерлер күнтізбелеріне күндерді белгілеп жатыр, себебі CAF Spring-2024 көктемгі көрме салоны 2024 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында «Атакент» ҚЫІО-ның 11 павильонында өтетін болады. Elite Line халықаралық аяқ киім, тері, былғары және аксессуарлар көрмесінің 5-ші көрме сессиясының 2024 жылғы 18-20 тамызда өтетінін жария етті.

Дереккөз: Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесінің баспасөз қызметі