Сұлулыққа жаны құмар Ардақ
Алматы облысы Талдықорған қаласының тумасы Ардақ Дүйсекенова Жетісу университетін педагог мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алайда еңбек жолын білім ордасында емес, заң саласында бастаған. 1996-2010 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет етті. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясында заңгерлік білім алған ол ішкі істер органдарында түрлі қызметтерді, оның ішінде инспектор қызметін табысты атқарған. Жұмыс барысымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, Алматы облысы бойынша қабылдау пунктінің аға инспекторы, тергеуші және хатшылық меңгерушісі қызмет атқарды.
Алайда, сұлулыққа, эстетикаға, тәуелсіздікке деген құштарлығын ұстануды ұйғарған Ардақтың өмірге деген көзқарасы өзгерді. Полиция қызметін артқа тастап, қазіргі таңда Mary Kay компаниясында аға сату жөніндегі директор қызметін атқарады және сұлулық жөніндегі сарапшы.
Ардақ полиция қызметкері болған кезде жылдар бойы жинаған тәжірибесін Mary Kay компаниясымен өз бизнесінде жүзеге асырды. Себебі болмысынан жауапкершілікті, жоспарлау және коммуникация дағдыларын бағалайды. Оның айтуынша, қазір оның жұмысының басты мақсаты – Mary Kay бизнесі арқылы әйелдерге сенім мен тәуелсіздік алуға көмектесу арқылы шабыт беру.
Ардақ табыстың басты құпиясы өзіне деген сенімділік, шешімділік және армандай білу екенін айтады. Ол Mary Kay компаниясында жоғары мәртебеге қол жеткізуге ұмтылады және махаббат табыстың негізі екенін дәлелдей отырып, барлық сұлулық сарапшыларын өзін, бизнесін және Mary Kay өнімдерін сүюге шақырады.
«Өткен өмірге сапар шегіп, мамандықты қайта таңдауға мүмкіндік берсе, мен ойланбастан қазіргі мамандығымды таңдар едім. Мен Mary Kay компаниясының сұлулық сарапшысы болғаныма бақыттымын. Егер мен осы компанияда өз бизнесімді жүргізу мүмкіндігі туралы бұрынырақ білген болсам, мен одан да көп дүниені жүзеге асыруғае уақытым болар еді. Себебі, компания көптеген әйелдердің өмірін жақсы жаққа өзгертіп келеді. Mary Kay компаниясы әйелдер кәсіпкерлігін белсенді түрде қолдайды, әйелдердің жеке тұлға ретінде дамуына көмектеседі. Бұл өте маңызды», — дейді Ардақ.