8 облыстағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 10 413 –нан астам адам., 3743 бірлік. техника және ТЖМ, Қорғаныс минстрірлігінен және Ұлттық Ұланнан 14 әуе кемелері жұмылдырылды.
Республикалық жедел штабтың бақылауында 8 Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстары.
Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 14 251 адам, оның ішінде 5 538 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша қоныстану тіректеріне 5 848 адам, оның ішінде 2222 бала құтқарылды және эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 1655 адам, оның ішінде 425 бала құтқарылды.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 4,6 млн. астам текше метрд еріген су сорылды, 370 мыңнан астам қапшық және 728 мың тонна инертті материал төселді.