ҚазАгроҚаржы ауылшаруашылық техникасын рәсімдеу үшін мобильдік қосымшаны іске қосты

Ауылшаруашылық техникасын лизингке алу жүйесі жеңілдеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа мобильдік қосымшаны іске қосты. Енді фермерлер өтінімдерді Қоғам филиалдарына бармай, үйде отырып, телефон арқылы беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін мамандар 4 ай еңбек етті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Мобильді қосымшаның интерфейсі қажетті ауылшаруашылық техникасына қатысты барлық деректерді, лизинг мерзімі, сомасы мен өзге де мәліметтерді ешқандай қиындықсыз, оңай толтыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл қосымша арқылы барлық құжаттарды жүктей аласыз. Бұл келіп түскен өтінімді қысқа мерзім ішінде қарауға және оң шешім шығаруын жылдамдады. Мобильді қосымша арқылы түскен өтініш 3 күн ішінде қарастыралады. Қосымшаның тағы бір артықшылығы — Adata, PCB, GCB және Taldau атты мәліметтер базасымен біріктіру мүмкіндігі.

Өтінімдер мен құжаттар жөніндегі барлық ақпараттар «ҚазАгроҚаржы» АҚ серверлерінде сақталады, ал ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи жүйесі оларды қорғайды.

Тағы айта кететін жайт, қосымша  нақты уақыт режимінде өтінімнің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық техникасын рәсімдеуге арналған мобильдік қосымша фермерлерге қажетті техникасын лизингке алу процессін айтарлықтай жеңілдететін таптырмас құрал болары нақ.

«Біз алдымызға ауылшаруашылық техникаларын алу бойынша қызмет түрлерін жеңілдетуді кеңейту туралы мақсат қоямыз. Енді қажетті техникаға қол жеткізу мүмкіндігі түсінікті интерфейс пен сенімді деректерді сақтау аясында оңай болды. Қосымшаны пайдалантын адам оның қауіпсіздігі мен сенімділігіне нанымды бола алады. Агрокәсіп иелеріне енді компанияның филиалдарына жүгіну үшін облыс орталықтарына барудың қажеті туындамайды, телефон арқылы өтінім бере алады. Қазіргі таңда «Экспресс лизинг» бағдарламасы бойынша техникаларды рәсімдеу қолжетімді, ал басқа бағдарлама қатысты қосымша арқылы өтінім беру алдағы уақытта мүмкін болады»,- деді «ҚазАгроҚаржы» басқарма төрағасының орынбасары Марс Алиш.

«Экспресс лизинг» бағдарламасының шарттары:

  • субсидияның есепке алғанда мөлшерлемесі — 6%;
  • алдын ала төлем — 0%;
  • мерзімі – 10 жылға дейін;
  • қамтамасыз ету — қажет етілмейді.

 

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі » АҚ компаниялар тобына кіреді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты. Компания өз қызметін 24 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асыра келеді, және еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал етуде