90-жылдардың романтикасы мен сөз еркіндігі: Алматыда БАҚ қызметкерлері күнін қалай атап өтті

Алматыда журналистер мен PR-мамандарының дәстүрлі жазғы кездесуі — «День Ж» өтті. Бұл шара 2BAgency ұйымдастыруымен қатарынан он жыл бойы өткізіліп келеді және медиа қауымдастық үшін шын мәнінде жыл сайынғы үлкен мереке саналады.

Биылғы тақырып #Романтика90х болды. Пейджерлер мен аудиокассеталардың заманы, алғашқы телебағдарламалар мен шынайы үміттер кезеңі. Қатысушылар сол уақытты еске алып, еркін ой мен шығармашылыққа толы кезеңнің рухын бірге сезінді. Кеш қонақтарының көбі 90-жылдардағы сәнге сай киініп келген соң, оларға ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар ұсынды.

Дәстүрлі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне серіктестер де үлес қосты: Forte, «Евразия» сақтандыру компаниясы, Munchen пабы, KazMinerals, Tickets.kz, ARTиШОК театры, RG Brands (A’SU және AVA сусындары), және «Жигули Барное» өнімдерімен Бірінші сыра зауыты.

Кеш барысында «ДеньЖ» премиясы 5 номинация бойынша табысталды.

— Үздік репортер: Петр Троценко;
— Үздік іскер журналист: Ольга Фоминских;
— Үздік зерттеуші: Алтыншаш Смағұлова;
— Үздік блогер: Рашит Ильясов;
— Үздік жүргізуші: Маржан Елшібаева.

Ең қызығы журналисттердің тізімін кәсіби орта өздері ұсынды. “День Ж” телеграм арнасында дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталды. Бұл марапаттың құндылығын арттыра түсті.

Сондай-ақ, шара аясында КАСКО сақтандыруы туралы үздік материалдар байқауының жеңімпаздары жарияланды. Бұл байқауды «Евразия» сақтандыру компаниясы мен 2B Agency бірлесіп ұйымдастырған. Қатысушылар екі номинация бойынша бақ сынады. Сақтандыру саласы жайлы мақала жазған авторлар Ирина Ледовских, Жадыра Тургумбаева және Татьяна Батищева бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал бас жүлдені  Nazarmedia.kz ақпараттық агенттігінің журналисті Ғазиза Ұзақ “КАСКО: Жолда сенімді серігіңіз болсын” мақаласы үшін иеленді.

Жыл сайынғы «День Ж» — бұл тек мереке емес, әріптестер мен достардың бір-бірін көріп, еркін күлкі мен шынайы әңгіме алмасатын алаңы. Бұл — шын журналистиканың не екенін, не үшін бастағанымызды ұмыттырмайтын күн.