USAID ғимаратты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Алматы қаласындағы сауда орталығы шатырында күн панелін орнатты
АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) бүгін Алматы қ. «Талуд» сауда орталығының шатырында қуаты 52 киловатт күн жүйесін іске қосты, бұл Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы маңызды оқиға болды.
Шатырда орнатылған 96 күн панелі электр энергиясы шығындарын төмендетіп, көмірқышқыл газы шығарындыларын жылына 60 445 кг-ға азайтады, бұл 2 747 ағаш отырғызуға тең.
Панельдерді Орталық Азиядағы USAID аймақтық миссиясы директорының міндетін атқарушы Моник Мозолф және Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушылары ұсынды. Олар панельдер қалалық жерде экологиялық таза энергия саласындағы тиімді шешімдерді қамтамасыз ету үшін шатырлардағы күн жүйелерінің экономикалық немділігін көрсетті деп мәлімдеді.
«Бұл жоба қалалық жағдайлар ауқымында күн энергетикасының экономикалық үнемділігін дәлелдей отырып, Орталық Азияның таза энергетикаға көшуіне жәрдемдесу жөніндегі USAID-тың мақсаттарына жетуіне ықпал етеді», — деді Мозолф. «Бұл жоба сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орнату мақсатындағы АҚШ үкіметінің Орталық Азиядағы жергілікті ұйымдармен ынтымақтастығының жарқын мысалы болып табылады».
USAID «Орталық Азия энергетикасы» (PCA) жобасына сәйкес күн панелдерін сатып алуға, дизайн әзірлеуге және техникалық қадағалауды қамтамасыз етуге 90 000 АҚШ долларын (41,3 миллион теңге) бөлінді. «Талуд» ЖШС сауда орталығының қазақстандық иесі 29 000 АҚШ доллары көлемінде қоса қаржыландыруды ұсынды.
«Бұл жасыл энергетика жобасының артықшылықтарын жүзеге асыру және USAID-пен жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігі болды», — деп атап өтті «Талуд» ЖШС бас директоры Дмитрий Головинов.
Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек бейтараптығына ұмтыла отырып, көміртек шығарындыларын азайту жөнінде өз алдына өршіл мақсаттар қояды. USAID жобасы шеңберіндегі «Талуд» ЖШС-мен бірлесіп жасалған пилоттық жоба шатырлардағы күн жүйелеріне әсіресе қолайлы Қазақстанның оңтүстік аймағындағы күн энергетикасының экономикалық тиімділігін көрсету мақсатында жүзеге асырылады.
Технологиялардың дамуына және шығындардың азаюына қарай, шатырлардағы күн жүйелері қолжетімді бола түсуде, бұл аймақта және бүкіл әлемде тұрақты энергетика саласында шешімдер енгізуге көмектеседі. USAID жақында Бішкек қаласында, Қырғыз Республикасындағы алғашқы, электр желісіне қосылған шатырдағы күн жүйесін орнату жобасы жүзеге асырылды.
248 шаршы метр ауданды қамтитын Алматыдағы жоба осы айда 52,32 киловатт-пик жиынтық қуатымен аяқталды. Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ) жергілікті деңгейде инжинирингтік қызметтерді көрсетті.
USAID «Орталық Азия энергетикасы» бағдарламасы – Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанға энергетикалық секторларының экономикалық басымдықтарына қол жеткізуге көмек көрсетуге бағытталған 5 жылдық кезеңге арналған өңірлік энергетикалық бағдарлама. Ол өңірлік байланыстарды жақсарту және трансшекаралық электр энергиясы саудасын кеңейту есебінен бәсекелестік және энергетикалық қауіпсіздік пен бұзылуға тұрақтылықты арттыру қағидаттарымен энергетика секторының тиімділігін арттыруды, экологиялық таза энергияны енгізуді қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда «Орталық Азия энергетикасы» бағдарламасы бойынша экологиялық таза энергетикаға 2,2 миллиард доллар көлемінде инвестициялар берілді және бүкіл аймақ бойынша 2 241 мегаватт экологиялық таза энергетикалық қондырғылар орнатылды.
«Талуд» ЖШС – Алматыда шатырда күн жүйесін пилоттық орнатуды жүргізу туралы «Орталық Азия энергетикасы» бағдарламасының жеке сектордағы серіктестеріне үндеуіне жауап берген қалалық сауда орталығының иесі. «Талуд» компаниясы өзінің сауда орталығының шатырында күн жүйесін орнатуға қоса қаржыландыру қамтамасыз етті және құрылыс шығындарының 42%-ын төледі. Бұдан бұрын сауда орталығында экологиялық таза энергия өндірісін арттыру ниетімен 25 киловатт күн қондырғысы орнатылған болатын.