KazAID Орталық Азия мамандарына арналған «Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасын іске асыруды жалғастырады

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен Астана медицина университеті келіссөздер барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Тараптар «Авиценна: денсаулық сақтау» бірлескен бағдарламасын талқылап, оны жыл сайынғы негізде іске асыру туралы шешім қабылдады. Бағдарлама Орталық Азиядағы медициналық білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар, «Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасын жаңа бағыттарды енгізу есебінен кеңейту туралы шешім қабылданды, бұл Орталық Азияда медициналық білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға байланысты мәселелердің кең ауқымын қамтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында іске асырылған «Авиценна: денсаулық сақтау» бағдарламасына Қырғызстан мен Тәжікстаннан 17 студент қатысты. Бағдарлама Астана медицина университетінде екі апталық курстар мен Астанамен танысу бойынша мәдени бағдарламаны қамтыды. Қатысу KazAID грантының арқасында өтеусіз негізде болды.