Нариман Курбанов Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге қол жеткізді

Нариман Курбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Алтын Рис Маккленаганның (Ирландия) еншісінде. Қазір Қазақстан делегациясында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

Суреттер: Сали Сабиров.

Дерек көзі: kazsport.kz