Coke Studio-ның тегін концерттері елдің төрт қаласында өтеді

Қазақстанда өзінің 30 жылдығына орай Coca — Cola Coke Studio компаниясының жаһандық музыкалық платформасының брендімен өтетін тегін концерттер сериясын жариялайды.

Концерттер тамыз айының әр сенбісінде Павлодар, Семей және Шымкент қалаларының орталық алаңдарын ауыстыра отырып, осы жаздың ұмытылмас оқиғасына айналмақ. Сонымен қатар,  іс-шараларға кіру тегін және барлық ниет білдірушілер үшін ашық болады.

Өткізілетін күні мен орны:

  • 17 тамыз – Павлодар, Орталық жағалау.
  • 24 тамыз – Семей, Набережная реки Иртыш.
  • 31 тамыз – Шымкент, Тұлпар саябағы.

Қонақтар танымал қазақстандық орындаушылардың музыкасын тамашалай алады:

  • YENLIK — «Dop», «Shukir», «Esep» танымал хиттерінің авторы, Forbes 30 30-ға дейінгі тізімінің қатысушысы, батыл және заманауи әнші.
  • KALIFARNIYA – өз жұмысында көптеген стильдер мен ағымдарды біріктіретін музыкант
  • DJ Ida (Ида Каплан) – дарынды пианист, композитор және диджей.

Әрбір концерттік ауданда Coca-Cola және оның Invictus, Sulpak және Yandex сынды серіктестерінен ойын-сауық аймақтары болады, онда келушілер әртүрлі белсенді іс-шараларға қатыса алады, сондай-ақ дәмді тағамдармен күш-қуат алуға болатын серіктес кафелер мен мейрамханалардың көптеген фуд-бұрыштары орналастырылады. Әрине, іс-шара сүйікті өндірушінің сусындарынан дәм татпай аяқталмайды.

Сонымен қатар, іс-шара қонақтарының Coca-Cola әлеуметтік жобалары туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндіктері болады, атаулы жобалар компанияның Қазақстандағы отыз жылдық жұмысында  көп болды. Осындай маңызды бастамалардың бірі 12 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан «Coca-Cola Belesteri» («Ступени роста») әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жобасы болып табылады. Өтеусіз гранттарды жеңіп, өз ісін ашқан қатысушылар шағын жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады, табыс тарихымен бөліседі және өз бизнесін бастағысы келетіндердің барлығына үлгі болмақ.  Сондай-ақ, суды үнемдеу және пайдаланылған қаптаманы қайта өңдеу саласындағы жобалар ұсынылады.

Барлық ойын-сауық және мейрамхана аймақтары келушілер үшін сағат 17.00-ден бастап ашық болады, ал концерттік бағдарлама 19.00-де басталып, 22.00-де аяқталады.

«Өткен жылы Алматыда өткен үлкен концертке 30 мыңға жуық көрермен жиналды, ал осы жазда біз музыкалық миссиямызды жалғастырып, өңірлерге барамыз. Қазақстандағы Coca-Cola-ның 30 жылдық мерейтойына қосылыңыз және осы ұмытылмас оқиғаның бір бөлігі болыңыз!»,- деп шақырады Coca-Cola командасы.