Абай облысының командалары Almaty Tech Cup X халықаралық байқауында жүлделі орындарға ие болды

Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназияның құрама командасы Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен Almaty Tech CUP X Халықаралық байқауында үздік нәтиже көрсетті. Байқауға үш елден 40-қа жуық команда жиналды және облыс командалары бірнеше орынмен марапатталды.

TENGRI командасы екі беделді марапатқа ие болды:

— Best PIT ZONE Award WINNER — Pit Zone жеңімпазы.

— First GLOBAL CHALLENGE finalist ALLIANCE AWARD RUNNER UP — финалға шыққан альянс финалисті.

Avengers командасы да жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

— FIRST GLOBAL INNOVATOR Award 3rd PLACE — инновациялық жоба үшін 3-орын.

— Best MASCOT Award WINNER – «Үздік маскот» номинация жеңімпазы.

Халықаралық байқау 9-11 тамыз аралығында өтті.

Командалар жетекшілері: Айдос Тұрсынбеков, Альмира Мұратова.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі