Түркістанның еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленді  

Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкерелеген.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

 «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жауапты тұлғалары «2021-2025» жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың жеке деректерін «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіп, оларға аударылған айлық жалақыларын иемденіп отырған.

Тергеу жалғасуда.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі