2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында STADA қарқынды дамуын жалғастыруда

  • Аталмыш кезеңде компаниялар тобының кірісі 9%-ға өссе, жарты жылдық айналым көрсеткіші 2 миллиард евродан асты, нәтижесінде, мұндай өсім компаниялардың пайдасының екі есе ұлғаюына септігін тигізді.
  • Үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында қарқынды түрде ұлғайып, жылдам пайда көзіне жетелеген сегменттер – арнайы дәрі-дәрмектер сегменті болды, бұл үшін STADA биосимилярлар түржинағын кеңейтіп, неврология, нефрология саласында жаңа брендтерін іске қосқан болатын.
  • STADA компаниясының бас директоры Питер Гольдшмидт (Peter Goldschmidt) бұл өсуді келесі мәнерде түсіндірді: «STADA компаниясының үнемі жоғары көрсеткіштер көрсетуінің негізгі құпиясы – рецептісіз берілетін дәрі-дәрмектер, арнайы дәрі-дәрмектер және дженериктерге негізделген стратегиямыздың мықтылығы мен тұрақтылығының арқасы деп білемін. Нарықтың орта көрсеткіштерінен жоғары саналатын біздің өсім компанияның ішкі корпоративті мәдениетінің мықты болуы жұмыс тиімділігіне бірден-бір әсер ететіндігінің айқын көрінісі».

2024 жылдың алғашқы алты айында STADA сатылымы 2 миллиард еуродан асты. 30 маусымға дейінгі кіріс 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 2,02 миллиард еуроға жетті, бұл компанияның нарықтық үрдістерден озуына мүмкіндік берді. Пайыздарды, салықты, және амортизацияны қоса есептегендегі салымдар бойынша кіріс көлемі  (EBITDA) 11%-ға жетіп, валюта курстары, өзге де факторлармен бірге 463,5 миллион еуроға дейін өсуіне әкелді.

STADA тобының жоғары көрсеткіштері жұмыстың негізгі үш бағыты — рецептісіз берілетін дәрі-дәрмектер, арнайы дәрі-дәрмектер және дженериктерге бағытталуына байланысты, бұл компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы нарықтық көрсеткіштерді басып озуына мүмкіндік берді. Биосимилярлар тізімінің кеңейтіліп, неврология, нефрология салаларында жаңа брендтердің ұсынылуы арнайы дәрі-дәрмектердің жылдам дамып, пайда көзіне айналуына әкелді.

STADA компаниялар тобының бас директоры Питер Гольдшмидт:

«STADA компаниясының үнемі жоғары көрсеткіштер көрсетуінің негізгі құпиясы – рецептісіз берілетін дәрі-дәрмектер, арнайы дәрі-дәрмектер және дженериктерге негізделген стратегиямыздың мықтылығы мен тұрақтылығының арқасы. Бұл жартжылдықтағы біздің көрсеткіштеріміз — әлемнің әр түкпіріндегі 11 500 әріптестерімнің шынайы көзқарасы мен кәсіпкерлік шеберлігінің нәтижесі деп білемін.»

Кірістердің өсуі ірі экономикалардағы инфляция мен тоқырау аясында болды. Өнімдерінің мол ассортименті арқасында STADA суық тию және тұмау аурулары кезеңінінің аса қарқынды болмауынан туындаған теріс көрсеткішті қаржылық салдарларды дұрыс басқару арқылы науқастар мен оларды күтушілерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жалғастырды.

Арнайы дәрі-дәрмектер кірісі 14% өсті

Арнайы дәрі-дәрмектерден түскен кіріс 14%-ға өсіп, 417,3 миллион еуроға жетті, бұл STADA-ның 2024 жылдың бірінші жартысындағы жалпы кірісінің 21%-ын құрайды. Бұл өсім жеті биосимилярлар мен Lecigon (Паркинсон ауруына арналған дәрі) және Kinpeygo (сирек кездесетін бүйрек ауруын емдеуге арналған орфанды дәрі) сияқты жаңа брендтерді қамтитын кеңейтілген түржинағының ұсынылуы арқылы мүмкін болды.

Биосимилярлар түржинағының ішінде жоғары концентрациялы Hukyndra (адалимумаб) ЕО-ның 24 елінде айтарлықтай нарықтық үлеске ие болып, бірқатар өсуді көрсетті. ЕО-ның 21 елінде қолжетімді Oyavas (бевацизумаб) да екі таңбалы нарық үлесіне қол жеткізді. ЕО-ның 18 елінде қол жетімді Ximluci (ранибизумаб) нарықтағы үлесін арттыруды жалғастырып, биосимилярлар арасында бағасы бойынша екінші орынды иеленді. Movymia (teriparatide) еуропалық нарықтағы көшбасшылығын сақтап қалды.

Алты айлық есептік кезеңнің соңына қарай STADA Чехияда осы иммунологиялық биосимилярлар сәтті іске қосылғаннан кейін Uzpruvo (устекинумаб) дәрісін жарнамалауды бастады. Икемді басқару, сондай-ақ елдердегі тиімді баға белгілеу және өтемақы жүйесі өнімді 2024 жылдың шілде айының соңына дейін нарыққа шығаруға мүмкіндік берді, бұл Еуропаның 14 елінде алғашқы тапсырыстарды қабылдауғажағдай жасады. Бұл кәсіпкерлік тәсіл дәрі-дәрмектерге деген эксклюзивті құқық мерзімі аяқталған соң, науқастардың биосимилярларға қолжетімділігін жақсартты.

Есепті кезеңде STADA голимумаб пен деносумаб бойынша жаңа серіктестікке қол қою арқылы биосимилярлар түржинағын кеңейтті, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарында ранибизумабты коммерцияландыру үшін серіктесті таңдады.

Сонымен қатар, Еуропа бойынша 1500-ден астам науқас арнайы Lecigon брендін енгізу арқылы ішек гельдік терапиясын алуда. Екі жыл бұрын германиядағы сәтті іске қосылудан кейін бүйрек ауруларын емдеуге арналған Kinpeygo орфанды дәрмегі өзге елдерде де енгізілді, оның ішінде Ұлыбританияға енгізіліп, Денсаулық сақтау және күтім көрсету саласындағы Ұлттық Институт тарапынан мақұлданды (NICE).

Қосымша өсімге сол секілді Сербиядағы STADA Hemofarm Roche компаниясы үшін ұсынған Corpos бренді (окрелизумаб) септігін тигізді.

Дженериктер STADA  компаниясының экономикалық өсуіне айтарлықтай деңгейде әсер етті. Ривароксабан мен дабигатранның ЕО нарықтарына енгізілуі жалпы сатудан түскен кірістің 12%-ға өсуіне әкеліп, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 838,2 миллион еуроға жетті. Өсуге компанияның стратегияларын сәтті жүзеге асыру, жеткізілімдердің сенімділігі және бәсекеге қабілетті баға себеп болды. Дженериктер сегментіндегі өсудің негізгі аймақтары болып Германия, Италия, Польша, Франция, Ирландия және Швейцария, сондай-ақ метилфенидат шығарылғаннан кейін Солтүстік Еуропа елдері саналады.

Бұл сандар дженериктердің топ үшін өсімнің қозғаушы күші болып қала беретінін растайды, өндіріс қазірдің өзінде түпнұсқа дәрілердің шамамен 80% қамтиды, бұл оларды алдағы жылдары одан да қолжетімді етеді.

Тұмау аурулары кезеңінің аса оңтайлы болмағанына қарамастан, рецептісіз берілетін дәрілер сегментіндегі өсім (Consumer Healthcare) 3% — ға дейін жоғарылап, 768,3 млн евроны құрады. Маусымдық ауытқуларды, тұтынушылық сұраныстың  және негізгі брендтер әсерінің төмендеуін санамағанда, есепті кезеңде екі таңбалы органикалық өсімге қол жеткізілді.

Nizoral шаш және бас терісі күтіміне арналған құралдар ассортиментін кеңейту дерматология саласындағы сатылымдардың өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналды. 2023 жылы Sanofi  компаниясынан сатып алынған, тамыр денсаулығын күтуге арналған Antistax бренді дәріханаларға аталмыш дәрмекті кіріктіру арқасында жоғары нәтижелерге әкелді. Оған қосымша Eunova дәрумендер ассортиментін кеңейту, Elotrans Reload электролитті қоспаларын жарнамалау және Zoflora зарарсыздандырушы құралдарын сату нәтижелердің өсуіне ықпалын тигізді .

STADA халықаралық нарықтардағы өз орнын одан әрі күшейтуде. 2023 жылдың соңында қол жеткізілген қытайлық ірі CR Sanjiu компаниясымен серіктестік, STADA –ның Қытайдағы дәрежесін күшейтуге мүмкіндік берді. 2024 жылдың алғашқы жарты жылында  STADA Филиппинде Zuellig Pharma компаниясымен, сол секілді Біріккен Араб Әмірліктерінде  ADCAN Pharma компаниясымен серіктестік туралы келісімге қол жеткізу арқылы дамушы нарықтардағы өз қызмет аясын одан әрі кеңейте алды. Бұл серіктестіктер сол секілді Парсы шығанағы елдеріндегі сатылымның өсуіне мүмкіндік берді.Начало формы

STADA 2024 жылдың бірінші жартысында кірістің айтарлықтай өсуіне қол жеткізді

Валюта бағамдары мен баптарды есепке алғанда EBITDA 11%-ға өсіп, 463,5 млн еуроға жетті. Компанияның түзетілген табыстылығы 0,5%-ға өсті. Маржаның жақсаруы мамандандырылған сегментіндегі екі таңбалы өсімінен көрінді, ол маржаны 4%-дан 35,3%-ға дейін арттырды. Жеткізу саласындағы бірқатар қиындықтарды шешу мақсатында STADA қоймадағы қорларға өткен жылдары салынған салымдардан пайда тауып, белсенді ингредиенттерді пайдаланды.

STADA компаниясының бас директоры Питер Гольдшмидт орта мәдениеті тиімділіктің бірден-бір құпиясы деп біледі:
«Нарықтағы орта есептік көрсеткіштерден жоғары біздің тұрақты деңгейдегі өсуіміз компаниядағы мықты корпоративтік мәдениеттің жұмыс тиімділігіне әкелетінінің айқын көрінісі болып есептеледі. Біз әрдайым адал, алдыңғы лекті тәжірибемен бөлісе отырып, сенімді одақтас ретінде адамдардың денсаулығына қамқор болу ортақ миссиясын таңдаған біртұтас топ ретінде  жұмыс атқарамыз.»

Орта мәдениетінің тиімділікке әсері

2024 жылдың мамыр айында жүргізілген STADA қызметкерлері арасындағы соңғы сауалнаманың нәтижелері компанияның ерекше өсу мәдениетін көрсетеді. Қызметкерлердің 89%-ы салалық нормалардан айтарлықтай асып түсетін компанияның бизнес мақсаттарына қол жеткізетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, 84% STADA-да кәсіби өсу мүмкіндігі бар деп санайды.

Компания қызметкерлерінің орташа саны есепті кезеңде 2%-ға өсіп, 11540 адамды құрады. Олардың 52 пайызы басшылық қызметте.

2024 жылдың бірінші жартысында STADA тұрақты даму саласындағы көшбасшылығын сақтап қалды, Sustainalytics тәуелсіз сарапшыларының бағалауы бойынша саладағы ең ірі компаниялардың 6% қатарына кірді. 2024 жылдың маусым айында тұрақты денсаулық сақтау жүйесіне маңызды үлес ретінде компания Римде (Италия) өткен тұсаукесер шарасында 23 елден 46 000 адамды қамтыған STADA Health Report жыл сайынғы сауалнамасының нәтижелерін ұсынды.