Қазақстанда Отбасы күні тойлануда
Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланады. Мереке 2013 жылы бекітілген.
Мерекенің негізгі идеясы — ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру.
Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді.
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптарға арналды.
Республика бойынша барлығы 1000-нан астам іс-шара өткізіліп, 1 миллион адам қамтылды.
Бүгін қазақстандықтар «Отбасым – менің байлығым» акциясын бастады. Әлеуметтік желіде отбасыңыздың суретін жариялау арқылы акцияға қосылуға шақырамыз.
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі