Ғалымдар темекі шегуге байланысты жаңа зерттеу жүргізді

Жаңа клиникалық зерттеу: екі жылдан астам уақыт бұрын қыздырылатын темекіге ауысқан шылымқорлардың денсаулық көрсеткіштері темекі шегуді жалғастырып жүргендерге қарағанда жақсырақ.

«Филип Моррис Интернешнл» (ФМИ) Еуропа мен Азия елдеріндегі 37 медициналық мекемеде жүргізілген клиникалық зерттеудің нәтижелерін жариялады. Зерттеу барысында кәдімгі темекі шегетін ересектер мен темекіні қыздыру жүйелерін (ТҚЖ)* тұтынушылардың денсаулық көрсеткіштері салыстырылды. Нәтижесінде темекіден ТҚЖ-ға өткен адамдардың денсаулығында 9 ықтимал зиян биомаркері (biomarkers of potential harm – BoPH) бойынша статистикалық тұрғыдан жағымды айырмашылықтар анықталды.

Темекінің түтінсіз баламалары темекінің зиянын азайтуда маңызды рөл атқарады, ал осындай құралдардың бірі – ТҚЖ. Темекіні қыздыру жүйелерін қолдану кезінде пайда болатын аэрозольдегі зиянды заттардың деңгейі темекі түтінімен салыстырғанда орта есеппен 95%-ға төмен.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, темекіден ТҚЖ-ға екі жылдан астам уақыт бұрын өткен адамдардың ықтимал зиян биомаркерлері бойынша көрсеткіштері қарапайым шылымқорларға қарағанда әлдеқайда жақсы болды. Сонымен қатар, олардың көрсеткіштері дәл сол мерзімде темекіні толығымен тастаған адамдардың көрсеткіштерімен ұқсас болды.

ФМИ ұйымдастырған кросс-секциялық зерттеу Азия мен Еуропаның алты еліндегі 37 медициналық мекемеде өткізілді және оған 900-ге жуық ересек ерікті қатысты. Зерттеу нәтижелері келесіні көрсетті:

• ТҚЖ-ға өткен қатысушыларда ағзадағы темекі түтінінің әсерімен байланысты процестерге қатысты биомаркерлерде оң және статистикалық маңызды айырмашылық байқалды. Бұл процестерге қабыну, тотығу стрессі, оттегін тасымалдау, генотоксикалық әсер, липидтер алмасуы, эндотелий функциясы және қан ұюы кіреді. Сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің функционалдық көрсеткіштері ТҚЖ қолданған адамдарда темекі шегуді жалғастырғандарға қарағанда жақсара түсті.

• ТҚЖ-ға ауысқан қатысушылардың нәтижелері темекіні тастаған адамдардың нәтижелерімен ұқсас болды.

Клиникалық зерттеу туралы толығырақ

Ықтимал зиянды әсердің биомаркерлерін зерттеу үш топтағы дені сау қатысушылар арасында жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – темекі шегетіндерге қарағанда, кем дегенде екі жыл бұрын ТҚЖ-ға көшкендердің ағзаға зиянды әсерінің қаншалықты төмендегенін анықтау болды. Зерттеу Жапония, Германия, Польша, Болгария, Грекия және Чехия елдерінде Good Clinical Practice стандарттарына сәйкес жүргізілді.

Зерттеуге 982 дені сау еріктілер қатысты, олардың 888-і үш топқа бөлінді:

1. Қазіргі темекі шегушілер – темекі шегу өтілі 10 жылдан асқан адамдар.
2. ТҚЖ пайдаланушылары – кем дегенде 2 жылдан бері ТҚЖ қолданушылар және бұрын 8 жылдан астам уақыт темекі шеккендер.
3. Бұрынғы темекі шегушілер – соңғы 2 жылдан астам уақыт темекі шекпегендер, бірақ бұрын 8 жылдан артық уақыт темекі шеккендер.

Зерттеуге қатысушыларды жасы, жынысы, аймақтық (Еуропа/Азия) ерекшеліктері және темекі өнімдерін тұтыну өтілі бойынша топтастырды. Медициналық мекемеге келген кезде олардың қан мен зәр сынамалары алынып, 9 биомаркер және басқа қосымша көрсеткіштер бойынша функционалдық диагностикалық тесттер жүргізілді.

Жаңа зерттеудің нәтижелері кәдімгі темекіден темекі қыздыру жүйелеріне (ТҚЖ) ауысқан кезде денсаулыққа зиянды азайту әлеуетін растайтын қолданыстағы деректерді толықтырады.

Зерттеу нәтижелері мыналарды көрсетті:
1. Бұрынғы зерттеулердің тұжырымдарын растайды, яғни темекіден ТҚЖ-ға ауысқан темекі шегушілердің биомаркерлері жақсарғанын дәлелдейді.

2. Темекіні қыздыру жүйесіне ауысқан ересек тұтынушылар туралы шынайы ақпарат береді. Бұл тұтынушылар зерттеу талабымен емес, өз еркімен темекіні қыздыру жүйесіне ауысқандар. Нәтижелер толықтай ТҚЖ-ға ауысудың маңыздылығын көрсетеді, өйткені ТҚЖ-мен қатар темекі шегуді жалғастырғандарға қарағанда, ТҚЖ-ға толық ауысқандардың көрсеткіштері айтарлықтай жақсырақ болды.

3. ТҚЖ-ның жүрек-қантамыр жүйесіне әсері туралы жаңа ақпарат береді. Зерттеу алғаш рет ТҚЖ-ны қолдану тамырлардың икемділігіне (аугментация индексі арқылы өлшенген) темекі шегуге қарағанда аз зиян келтіретінін көрсетті.

Жалпы алғанда, осы зерттеудің нәтижелері ТҚЖ ересек темекі шегушілер үшін темекіге лайықты балама екенін растайды және биологиялық жағымды әсерге сүйене отырып, ТҚЖ-ға ауысу денсаулыққа темекі шегуді жалғастырумен салыстырғанда әлдеқайда аз қауіп төндіретінін көрсетеді.

«Темекіден және никотиннен толық бас тарту – шылым шегушінің өз денсаулығы үшін жасайтын ең дұрыс таңдауы. ТҚЖ зиянсыз емес және тәуелділікті тудыратын никотинді қамтығанымен, біздің бүгінгі күнге дейінгі клиникалық зерттеу бағдарламамыз ТҚЖ-ға ауысқан ересек шылым шегушілерге зиянды заттар аз әсер ететінін және темекі шегумен байланысты көптеген биомаркерлердің потенциалды зиян көрсеткіштерінде оң өзгерістер көрсететінін айқындады. Бұл өзгерістер темекі шегуден бас тартқан кезде байқалатын өзгерістерге ұқсас. Кәдімгі темекіден ТҚЖ-ға ауысудың темекі шегумен байланысты аурулар қаупін төмендететіндігіне дәлелдер алу үшін ТҚЖ-ның денсаулыққа ұзақ мерзімді әсерін зерттеуді жалғастыру қажет», – деді «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Олжас Бибанов.

Қазіргі уақытта зерттеу деректерінің талдауы жалғасуда, ал қосымша нәтижелер ғылыми конференцияларда ұсынылып, ғылыми және медициналық журналдарда жарияланатын болады.

Биомаркерлер дегеніміз не?

Біздің денсаулығымыздағы өзгерістерді – жақсы жаққа болсын, жаман жаққа болсын – өлшеуге және бағалауға болады. Алайда, бұл тек қандай белгілерге назар аудару керектігін білсек қана мүмкін болады. Биомаркерлер осы белгілерге жатады. Әдетте (бірақ әрқашан емес) бұл қан немесе басқа тіндер мен ағза сұйықтықтарында болатын молекулалар, олар биологиялық процестердің нәтижесінде пайда болады. Сондай-ақ, функционалдық көрсеткіштер де биомаркерлер болуы мүмкін – мысалы, адам бір секунд ішінде бар күшімен қанша ауа мөлшерін шығара алатыны.

Фармацевтикалық индустрия жүргізетін клиникалық зерттеулерге ұқсас, «Филип Моррис Интернешнл» ғалымдары темекі шегуге байланысты аурулардан ағзаға ықтимал зиян келтіретін биомаркерлерді таңдады. Сондықтан мұндай биомаркерлерді ықтимал зиян биомаркерлері деп атайды.

* ТҚЖ – ФМИ-дің IQOS сауда белгісімен сатылатын темекіні қыздыру жүйесі.