Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і болашақ ғалымдарды дайындауда
Абай Құнанбайұлы: — «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»- деген екен. ҚР Конституциясының 1-бабының 1бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Мемлекетіміздің ең басты қазынасы болып табылатын адамның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуынан қорғау және оларды қалпына келтіру бойынша еңбек етіп жүрген талай заңгерлердің білім ордасы болып табылатын оқу орнының заң факультетіне 70 жыл толуда. Осы жылдар аралығында еліміздегі мықты маман заңгерлермен қатар, ғылым мен білім жолын дамытқан оқытушы, профессорлар осы ұядан ұшқан болатын.
Заңгерлер келісімшарттар жасаудан бастап сотта өкілдік етуге дейінгі көптеген мәселелерге тап болады. Өз ойларын анық және сенімді түрде хазбаша және ауызша жеткізе білу, күн сайынғы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бақылап, білу, тапсырмаларды сәтті орындау үшін құқықпен қатар олар әртүрлі салаларындағы жаңалықтардан хабардар болып отыруы -бұл болашақ заңгерлерді дайындау бойынша қойылған көп талаптарды орындай алатын мамандарды заң факультеті дайындауда. Осы уақытқа дейін жүздеген магистранттар мен доктаранттарды түлеткен заң факультеті өзінің ғылымды дамытудағы алға қойған мақсатына жету жолында қызметін атқаруда.
Зерттеу университеті ретінде бүгінде ҚазҰУ-нің оқытушы құрамы мен студенттері еліміздің ғылымының дамуына айтарлықтай үлестерін қосуда. Ғылымды дамыту — ол мемлекетті дамыту. Сондықтан да өз ісінің маманы болу үшін университет студенттерінің зерттеулері мен жұмыстары еліміздің ғылымының дамуына, оның ішінде қазақ тілді ғылыми еңбектердің көбеюіне ат салысады деген сенімдеміз.
Г.М. Атаханова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Заң факультетінің, қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының профессоры
Х.Н. Қуандық
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Заң факультетінің 2-курс магистранты