Абай облысы колледжінің оқытушысы инженерлік графика және прототиптеу бойынша инновациялық жоба жасады

ІТ және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Денис Зорин «CAD инженерлік графика және прототиптеу» бірегей жоба әзірледі, бұл бастама қазірдің өзінде үлкен сұранысқа ие.

Денис Зорин — аталған колледждің түлегі, «CAD инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионат жеңімпазы және 2019 жылғы WorldSkills Kazan халықаралық чемпионатының қатысушысы. Бүгінде ол студенттерді WorldSkills ұлттық чемпионаттарына белсенді түрде дайындап, колледжде өз кәсіби білімін бөлісіп келеді.

Жобада заманауи технологиялар — компьютерлік жобалау (CAD), 3D-басып шығару және сандық бағдарламалық басқару (ЧПУ) фрезерлік станоктары қолданылады. Оқытушы бұл жобаны инженерлік сызбаларды құрастыру мен талдау әдістерін студенттерге үйрету мақсатында жасап шығарған. CAD бағдарламалары нақты әрі тиімді жобаларды құрастыруға, сонымен қатар барлық қатысушылар үшін біртұтас деректер базасын жасауға мүмкіндік береді.

Жобада әртүрлі материалдар мен құралдар, соның ішінде картон, стекловолокно, эпоксидті смола, шпаклевка, пластик, бояу және мата қолданылады. Физикалық нысандарды кез келген күрделілікте цифрландыруға мүмкіндік беретін 3D-сканерлер де бар. Пластик пен ағаш сияқты материалдарды өңдеу үшін Roland SRM-20 фрезерлері пайдаланылады. Бұл құрылғылар студенттерге заманауи прототиптеу әдістерін меңгеруге және күрделі үлгілерді жасауға көмектеседі.

Жобаның басты жетістіктерінің бірі — Денис Зориннің жетекшілігімен колледж студенттері жасаған робот костюмы. Бұл костюм жас буынның 3D-модельдеу және инженерлік графикаға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Студенттер жобаны сәтті орындап, облыстық «Digital Abai» STEAM-фестивалінде бірінші орынды иеленді және бас жүлде ретінде ноутбук сыйға алды.

«CAD инженерлік графика және прототиптеу» жобасы — болашақ мамандарды заманауи технологиялармен таныстырып қана қоймай, оларды халықаралық жарыстарға қатысуға, инженерия мен өндіріс саласында жаңа идеяларды жүзеге асыруға қажетті дағдылармен қамтамасыз ететін маңызды бастама.

 Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі