Snapdragon 8 Elite базасындағы HONOR Magic7 смартфондар сериясы инновациялық жасанды интеллект технологияларына ие болады
HONOR жаһандық технологиялық бренді Magic7 смартфондар сериясы Qualcomm-дық Snapdragon 8 Elite революциялық мобильді платформасында құрылатынын жариялады. Snapdragon Summit 2024 аясында HONOR жасанды интеллектке бағдарланған экожүйені дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті, Magic7 сериясында қолданылатын революциялық технологиялар мен жасанды интеллект функцияларын көрсетті, оның ішінде ашық экожүйеге арналған құрылғыдағы бірінші AI-агент пен мобильді ойындар үшін шынайы уақытта NPU процессорына алғашқы графикалық рендерингті паш етті.
«Ашықтық пен ынтымақтастық — бұл біздің ДНҚ», — деп түсіндірді HONOR-дың маркетинг жөніндегі директоры, доктор Рэй Го. — «Qualcomm Technologies»-пен ынтымақтастық арқасында біз жасанды интеллектке бағытталған өнімдер экожүйесін жасаймыз, сондай-ақ AI-технологияларды қолдану арқылы пайдалану тәжірибесін түрлендіреміз. Біз саладағы ашық экожүйеге арналған алғашқы AI-агентті және NPU-есептеулер базасында смартфондарға арналған алғаш жүзеге асырылған генеративті ойын технологиясын ұсынуға қуаныштымыз. «
«Біз жасанды интеллект болашағын қалыптастыру және адамдардың технологиялармен өзара қарым-қатынасын қайта түсіну үшін HONOR-мен ынтымақтасуға қуаныштымыз», — дейді Qualcomm смартфондар бөлімшесінің Бірінші вице-президенті және бас директоры Крис Патрик, — «Біз революциялық пайдалану тәжірибесін жасау үшін жасанды интеллект шекарасын кеңейтуге дайынбыз».
Мобильді құрылғыларға арналған AI-автопилот: саладағы алғашқы жасанды интеллект агенті
HONOR Magic7 сериясында нарықтағы алғашқы AI-агент пайда болады, ол қарапайым мәтіндік немесе дауыстық сұраулардың көмегімен пайдаланушының атынан тамаққа тапсырыс бере алатын болады. Әдеттерді зерделей келе, ол интеллектуалдық шешімдер қабылдайтын болады, мысалы, баламалы сүттің белгілі бір сұрыбы қатылған кофенің таңдаулы түріне пайдаланушының белсенді қатысуынсыз тапсырыс береді.
Сондай-ақ, AI агент қарапайым пәрмен беру арқылы қосымшалардағы қажетсіз жазылымдарды тауып, олардан бас тартады. Ол саяхаттарды жоспарлауға, билеттерді брондауға, күнтізбелік жоспарлар құруға, хабарламаларды басқаруға, қолданбалар арасында файлдарды жіберуге және т.б. қоса алғанда, түрлі міндеттерді атқаруға көмектесе алады. AI-агент HONOR Magic7 сериялы смартфондарда MagicOS 9.0-де іске қосылады.
Жасанды интеллектті қолданатын аппараттық қамтамасыз ету: NPU-есептеулер базасындағы генеративті AI
Magic7 сериялы смартфондар NPU-есептеулер негізінде ойынға генеративті жасанды интеллект енгізеді. Салада алғаш рет мобильді ойындар үшін жасанды интеллект көмегімен шынайы уақытта графиканың рендерингі іске асырылатын болады. Басқа смартфондармен салыстырғанда, HONOR шешімі GPU-ге түсетін жүктемені азайтады, бұл графиканың сапасы жоғары болғанда және ойын процесін жақсартқан кезде құрылғының қызып кетуіне жол бермейді.
Жіксіз AI: MagicRing Snapdragon экожүйесінің мүмкіндіктерін кеңейте түседі
Презентация барысында HONOR өнімділік, қосылу және құрылғылардың өзара әрекеттесуі тұрғысынан пайдаланушылық тәжірибедегі төңкеріс жасауға қабілетті AI-first экожүйесін құрудағы Qualcomm-мен бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесін көрсетті. MagicRing технологиясы бірнеше құрылғыда жасанды интеллектпен жұмысты жеңілдете отырып, қолданбалар мен сервистерді экожүйеде пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мысалы, Windows бағдарламасын Snapdragon базасында пайдаланғанда, Cocreator бағдарламасы пайдаланушыларға қарапайым суреттерден егжей-тегжейлі өнер туындыларын жасауға мүмкіндік береді. MagicRing көмегімен HONOR MagicPad 2 планшетінде Cocreator бағдарламасы арқылы жасанды интеллект пен Magic-Pencil пайдаланып, түрлі туындылар жасауға болады. Сондай-ақ, HONOR MagicBook Art 14 пайдаланушылары ноутбукте HONOR Magic V3-те қолжетімді AI-ластикті пайдалана алады.
Snapdragon 8 Elite және MagicOS 9.0 базасындағы HONOR Magic7 сериясы интуитивті деңгейде түсінікті AI-агент пен NPU-есептеулер базасындағы генеративті құралдардың арқасында жасанды интеллекттің жаңа дәуірін ашпақ. HONOR Magic7 сериясының тұсаукесері Қытайда 2024 жылғы 30 қазанда өтеді.