ҚазҰУ-дың 90 жылдығы: Білім мен ғылымның тарихы
Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның жоғары білім жүйесіндегі ең мәртебелі және тарихы бай білім ордасы. 1934 жылы негізі қаланған университет өзінің 90 жылға жуық қызметінде Қазақстанның білім беру саласын қалыптастырып, ғылым мен мәдениетті дамытуға үлкен үлес қосты.
Бүгінгі күні ҚазҰУ тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де беделге ие оқу орны ретінде танылды. ҚазҰУ – еліміздің болашағына бағытталған, инновацияларға негізделген білім беру мекемесі. Университетте 16 факультет жұмыс істейді, онда әртүрлі сала бойынша 25 мыңнан астам студент білім алады. Гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың ауқымды спектрін қамтитын бағдарламалар арқылы ҚазҰУ ұлттық және халықаралық еңбек нарығына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлайды.Әрбір факультетте ғылымға ерекше көңіл бөлініп, ғылыми-зерттеу қызметі белсенді түрде жүргізіледі. Университет зертханалары заманауи құралдармен жабдықталған, бұл студенттерге және ғалымдарға сапалы зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, университет Қазақстандағы ең ірі ғылыми кітапханалардың біріне ие, онда сан алуан ғылым саласы бойынша мыңдаған басылымдар бар.
ҚазҰУ әлемнің жетекші университеттерімен тығыз ынтымақтастықта. Бүгінде университет 500-ден астам шетелдік оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан, олардың қатарында Гарвард, Оксфорд және Токио университеттері бар. Бұл байланыстар халықаралық деңгейде білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді және ҚазҰУ студенттері мен ғалымдарының әлемдік жобаларға қатысуына жол ашады.Жыл сайын ҚазҰУ ғылыми конференциялар, симпозиумдар және форумдар өткізіп, әлемнің әр түкпірінен келетін ғалымдармен өзекті мәселелерді талқылайды. Университет ғалымдары халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялап, өздерінің зерттеулерін бүкіл әлемге танытып жүр. ҚазҰУ-дың басты мақсаты – өз дамуын жалғастыра отырып, халықаралық деңгейдегі беделді университетке айналу. Университет алдағы уақытта жаңа оқу бағдарламаларын енгізуді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын кеңейтуді және инновациялық жобаларды дамытуды көздеп отыр. Сонымен қатар, ҚазҰУ әлемдік рейтингтерде жоғары позицияға ие болуды мақсат етеді, бұл оның сапалы білім беру мен ғылым саласындағы орнықты жетістіктерінің көрінісі болмақ.Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның білім беру жүйесінің жүрегі, және ол еліміздің болашағына бағытталған білім мен ғылымның қайнар көзі бола береді.
Бисенова М.Қ.,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық
құқық, қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к