17 қарашада әлем шала туған нәрестелер күні атап өтеді
Табиғат әйелге бала көтеру мерзімін шамамен 280 күнге белгілеген. Кейбір әйелдер үшін бұл сәл ұзағырақ болса, басқалары үшін азырақ болуы да мүмкін. Жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте шала туылған болып саналады. Ал 28 аптадан ерте туылғандар мерзімінен өте ерте туылғандар екен.
Өмірге келгеннен кейін, олардың басым бөлігі, күрделі механизмдерсіз, қымбат дәрілерсіз және кәсіби дайындығы бар дәрігерлерсіз бір секундта өздігінен өмір сүре алмайды. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары Алматы облысының орталығындағы шала туылған нәрестелердің өмір сүру деңгейінің жоғары екендігін, соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш үш есеге артқанын атап өтуде.
Кішкентай Нұрниса небәрі 1 келі салмақпен 30 аптада дүниеге келген. Қонаев қаласының дәрігерлері сәбиді аман алып қалды. Бүгінде ол бір жарым жаста, барлық көрсеткіштерде қатарластарын қуып жеткен. Айбек пен Нұрбек есімді егіздер де мерзімінен бұрын дүниеге келіпті. Қонаев қаласында Нұрниса, Айбек, Нұрбек сынды бүлдіршіндерге заманауи технологиялардың арқасында өмір сүру мүмкіндігін барынша қамтамасыз етілуде.
Неонатолог-дәрігері Әлия Әбидоллақызы Түрленбаеваның қолынан 26 жылда 2000-ға жуық уақытынан ерте дүние есігін ашқан нәресте өткен екен. Бір ұл бала үшін Әлия Әбидоллақызы тіпті өкіл анасы атанса, тағы бір шала туған қызға дәрігердің құрметіне Әлия есімі беріліпті.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Ракишева Айман Галимжанқызы жаңа туған нәрестенің құтқарылған әрбір өмірінің артында кәсіби мамандар тобының орасан еңбегі тұрғанын және бір шала туған нәрестеге күнделікті күтімде 20 немесе одан да көп түрлі манипуляциялар жасалатынын айтады.
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасында бар заманауи тиімді перинаталдық технологиялар мерзімінен ерте туылған нәрестелерді сәтті күтуге мүмкіндік береді.
Баспасөз қызметі