Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі судьяларды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстан Республикасында судьялардың құқықтық мәртебесі 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен бекітілген. Аталған заңға сәйкес судья лауазымын иленген тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, сонымен қатар, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, аталған Конституциялық заңның 25-бабында арнайы кепілдіктер белгіленген. Сол себепті осы мақалада судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы құқықтық нормаларға талдау жасап көрмекпіз.
2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 3- тарауына сәйкес судьяларды материалдық және әлеуметтік қорғаудың шараларына мыналар жатады: судьяларға медициналық қызмет көрсету; судьяларды материалдық қамтамасыз ету; тұрғын үймен қамтамасыз ету және көшкен кездегi өтемақы; судья мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсiби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы; Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы және т.б. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдық және әлеуметтік қорғауды судьямен қатар оның отбасы мүшелеріне, яғни жұбайы, ата-анасы және судьямен бірге тұратын балалары жатады.
Медициналық қызмет көрсету. Конституциялық заңның 53-бабында судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет алу құқығы қарастырылған. 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 26 бабының 1-тармағы мен 27-бабының 3-тармағында көрсетілген Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын Республикалық бюджет есебінен өтелетін тұлғалар қатарында судьялар және олардың отбасы мүшелері көзделменген. Осы жерде судьялардың бірге тұратын кәмелеттік жасқа толған еңбекке қабілетті, бірақ жұмыс жасамайтын отбасы мүшелері, яғыни үй шаруасындағы жұбайларының міндетті медициналық сақтандыру қоры арқылы медициналық көмек көрсетудің құқықтық негізі анықталмаған. Сол себепті, бірге тұратын кәмелеттік жасқа толған еңбекке қабілетті, бірақ жұмыс жасамайтын отбасы мүшелері Конституциялық заңның 53-бабында бекітілген кепілдіктерді пайдалану мүмкіндігі шекетелгендіктен ақылы емдеу орталықтарына жүгінуге мәжбүр. Мысалы, басқа көрші шетелдерде яғни Ресей Федерациясының судьяларының мәртебесі туралы заңның 19-бабының 5-тармағына сәйкес, судья мен оның отбасы мүшелері, оның ішінде зейнетке шыққан немесе зейнетке шыққаннан кейінгі кезеңде, медициналық қызмет көрсетуге, оның ішінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге құқылы, бұл шығыстар федералды бюджет есебінен өтеледі. Бұл құқықтар судьяның зейнетке шыққаннан кейін де сақталады. Осы ретте, зейнеттегі судья мен оның отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету федералды бюджет есебінен жүзеге асырылады деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 139-142 — баптарында көрсетілген тегін медициналық көмек алуға құқылы тұлғалардың тізіміне жатпайды. Сол себепті, Қазақстан Республикасының судьялары ведомстволық поликлиникаларда ем домды алу құқығы шектелген.
Сол себептіде, 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының 26 бабының 1-тармағы мен 27-бабының 3-тармағы мен 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 139-142 баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынамыз.
Келесі мәселе, Санаторлық-курорттық емдеу. 2011 жылғы 6 қаңтардағы Құқық қорғау қызметі туралы заңының 70-бабына сәйкес Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін медициналық және санаториялық-курорттық қамтамасыз етуі бойынша Прокуратура мен полиция қызметкерлері жылына бірнеше рет бюджеттік қаражат есебінен санаторий-курорттық емдеуден өте алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi деп көрсетілген. Алайда 2022 жылғы 5 қарашадағы ҚР Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес, медициналық қызмет көрсету және санаториялық-курорттық емдеуді мемлекет жүзеге асырылады. Судьяның қызметі өте күрделі әрі жауапты болғандықтан, ол ерекше конституциялық статусқа ие. Соған қарамастан судьяларға мұндай жеңілдіктер қарастырылмаған.
Келесі мәселе тұрғын үймен қамтамасыз ету. ҚР-ның Конституциясында Сот билігі – билік тармақтарының бірі орнықтыра отырып сот биліктің тәуелсіз тармағы ретінде көрсеткен.
2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 51-бабына сәйкес судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi деп көрсетілген. Осы жағдайда Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселлері қазіргі таңда ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң нормалары арқылы реттелетіні белгілі. Осы аталған заңның 1-1 тарауына сәйкес атқарушы билік уәкілетті орган ретінде көрсетілген. Бұл жерде бір заңды сұрақ туындайды. Судьяларды жеке тұрғын үй қатынасатары бойынша атқарушы оргаға тәуелділікке әкеліп соқпайма?
Сондықтан, жоғарыда аталған мәселені шешеу үшін ҚР-да сот жүйесіне тиесілі тұрғын үй қорын қалыптастыруды ұсынамыз. Сол кезде судьялар атқарушы билік органдарынан пәтер сұрауға мәжбүр болмас еді.
Келесі мәселе судьялардың жүктемесі. 2023 жылғы Қазақстан Республикасындағы сот кадрларының жағдайы туралы № 5 Ұлттық баяндамасына сәйке 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша республикадағы судьялар саны – 2719, нақты саны – 2374 судья, 345 судьялық лауазым (жалпы санынан 12,7%) бос орын.
Қазіргі таңда Қазақстандағы судьялардың жүктемесі Республикалық мағызы бар қалалар мен оған жақын оналасқан елді мекендегі өтеп көп деген ақпараттар жоғары мінберлерден көп айтылады. Жасыратыны жоқ, шыныменде Алматы қаласы және оған жақын орналасқан аудандарда сотқа түсетін істердің көптігі баршаға белгілі. Оның да себебі бар өйткені осы аталған елді мекендер Қазақстан Республикасының экономикалық орталығы болғандықтан ірі банктер мен ірі экономикалық субекттілердің бас кеңсесі орналасқанмен бірге, осы елді мекендерде шамамен 2,5-3 милион азаматтар тұрғандықтан осы жерлерде даулардың көп болатындығы заңдылық.
Шетелдік зерттеулерде судьялар жүктемесінің шамадан тыс өсуі судьялардың жиі қате жіберетінін анықтады. Дамыған батыс елдерінің құқықтанушы ғалымдарының айтуынша шамадан тыс жүктемесі бар судьялар көп шешімді түйсігіне сүйене отырып қабылдауға бейім деп есептейді, себебі олар барлық келіп түскен істер мен толық жан жақтылы танысып зерделеуге физикалық тұрғыда уақыттары жете бермейді деп есептейді. Ал Қазақстандағы бірінші сатыдағы соттар – аудандық және оларға теңестірілген соттар олар елдің сот жүйесінің негізін құрайды және ең үлкен процессуалдық ауыртпалықты көтеретіні анық. Себебі, аудандық соттардың судьялары республикадағы барлық судьялардың жалпы санының 80,1 пайызын құрайды.
Сондықтан, жоғарыда аталған мәселені шешеу үшін Қазақстанда судьялардың жүктемесіне байланысты ең жоғарғы шегін құқықтық тұрғыдан анықтау маңызды. Кез-келген қызметте жұмыс жүктемесінің шамадан тыс болуы жұмыс сапасына тікелей әсер ететінің ескермеске болмайды. Әсіресе сот билігі саласында судьялардың қателік жасауына еш құқығы болмауы керек. Сол үшін тұрғылықты жан саны көп құқықтық даулар келіп түсетін соттардың штат санынын арттыру немесе олардың жүктемесін жүктемесі аз өңірлерге жіберіп онлайын сотта іс жүргізу тәжірибесін құқықтық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз.
Қорыта келгенде, Жаңа Қазақстан, әділетті қоғам құру үшін ең алдымен әділ сот билігін қалыптастыру қажет. Сол себептіде азаматтардың сот билігіне деген құрметі мен сенімін қалыптастыру маңызды. Ол үшін сот төрелігін жүзеге асыратын судьялардың жүкетемесіне байланысты әрбір сотқа түскен істерді қарап тексеріп шешім шығаруға байланысты ақылға қонымды уақыт бірлігін анықтау және матиралдық-әлеуметтік жағдайына ең жоғарғы деңгейде мемлекет құқықтық тұрғыдан кепілдік беру қажет деп санаймыз.
Пайдаланылған қайнар көздер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы// Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
2. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы// Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
3. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы// Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153 VII ҚРЗ.
4. Тұрғын үй қатынастары туралы//Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
5. Құқық қорғау қызметі туралы//Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы.
6. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы//Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ.
7. ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ//Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі.
Ж. Утегенова,
Қарасай аудандық сотының судьясы
С. Адилгазы,
PhD докторы,
Нархоз университетінің
қауымдастырылған профессоры