Алматыда желтоқсаннан бастап екі кезекші ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтін болады
Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» желтоқсаннан бастап кестеге сәйкес қаладағы екі кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы және мамандандырылған екі ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды.
Серіков көшесі, 6А мекенжайында орналасқан Жетісу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен Марков көшесі, 44 мекенжайы бойынша Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қызметалушыларды 9:00 – 20:00 аралығында, ал сенбі күндері 13:00-ге дейін қабылдайтын болады.
Ал кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Саялы шағынауданы, Аққайнар көшесі, 1 және Кемел шағынауданы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау уақыты 18.00. Ал сенбі күні 9:00 ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қаланың қалған ХҚКО-лары әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін қызметалушыларды қабылдайды.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік қызметтерді «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға немесе электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы да алуға болады.