Қазақстан мен Пәкістан сыртқы істер министрлері ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақ Дармен кездесті.
Сондай-ақ, кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды, бұл бағытта екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия маңызды рөл атқаратыны аталып өтті.
Қараша айында Исламабадта өткен саяси консультациялардың нәтижелерін оң бағалай отырып, сұхбаттастар әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.
Сондай-ақ кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды, бұл бағытта екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия маңызды рөл атқаратыны аталып өтті.