ҚазҰУ студенттері ТДМ-16 мақстатын талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының тұрақты даму мақсаттары аясындағы маңызды талқылау өтті. Іс-шараға кафедра студенттері, оқытушылар қатысты. Негізгі назар ТДМ-ның 16-мақсатына – «Әділеттілік, бейбітшілік және тиімді институттарды ілгерілетуге» аударылды. Бұл мақсат адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес арқылы әрбір азамат үшін қауіпсіз және әділетті әлем құруды көздейді.ТДМ 16 бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау арқылы барлық қоғамда әділеттілікті орнату және тиімді институттарды дамытуға бағытталған. Іс-шара барысында 16-мақсаттың негізгі міндеттерін атап өттік: Бұл мақсат төмендегілерді қамтиды:
• Барлық деңгейде зорлық-зомбылықты азайту және болдырмау;
• Әділеттілікке қолжетімділікті қамтамасыз ету;
• Ашық, жауапты және инклюзивті институттар құру;
• Құқық үстемдігін қамтамасыз ету және кемсітусіз орта қалыптастыру;
• Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың барлық түрлерімен күрес.
ТДМ-16 тұрақты дамудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады, себебі ол инклюзивті қоғам құруды, заң үстемдігін нығайтуды және әр азаматтың құқықтарын қорғауды көздейді.Талқылау барысында студенттер сыбайлас жемқорлықпен күрес, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жастарды бейбітшілік құндылықтарын насихаттауға тарту тақырыптары бойынша пікір алмасты. Қатысушылар жастардың әлеуметтік өзгерістерде ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Талқылау университет студенттерінің азаматтық белсенділігін арттыру және оларды жаһандық мақсаттарды жүзеге асыруға қатыстыруға бағытталды.Талқылау барысында бірнеше нақты бастама көтерілді, соның ішінде құқық қорғау органдарымен бірлескен семинарлар ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингтер өткізу қабылданды.Бұл шара студенттердің Тұрақты даму мақсаттарын түсінуін тереңдетіп қана қоймай, олардың қоғамға оң ықпалын тигізетін нақты қадамдар жасауға ынталандыратыны сөзсіз. ҚазҰУ-дың бұл бастамасы Қазақстан жастарын ғаламдық мәселелерді шешуге белсенді түрде тартудың жарқын мысалы болып отыр. Жастар – бейбітшілік пен әділеттілікті насихаттаудағы негізгі қозғаушы күш. Олар өз білімдері мен бастамаларын пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, адам құқықтарын қорғауға және инклюзивті қоғам құруға үлес қоса алады.ТДМ 16 – жаһандық тұрақты дамудың ажырамас бөлігі. Оның жүзеге асырылуы тек мемлекеттік органдарға ғана емес, азаматтық қоғамның, әсіресе жастардың белсенділігіне байланысты. Әділетті, бейбіт және инклюзивті қоғам құру – әр адамның міндеті және ортақ мақсаты болуы тиіс.
Досумбекова М.Т.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы
Толкин Данияр,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің студенті