ҚазҰУ түлектерінің тәуелсіз Қазақстанға қосқан үлесі

Қазіргі жаһандану дәуірінде қоғамның тұрақты дамуы үшін ең негізгі тетіктердің бірі – білім беру сапасы. Еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, сапалы білім беру тек жеке тұлғаның емес, тұтас мемлекеттің дамуына негіз бола алады. Ал сапалы білім алған түлек – ертеңгі күні өз ісінің шебері, кәсіби маман ретінде ел экономикасы мен мәдениетін өркендетуге үлес қосушы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің білім мен ғылым саласындағы жетекші оқу орны ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуына елеулі үлес қосқан түлектерді тәрбиелеген алтын бесік. Университет түлектері әртүрлі салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетіп, елдің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Университеттен түлеп ұшқан көптеген саясаткерлер мемлекеттік басқару жүйесінде жоғары лауазымдарда қызмет етті. Олар елдің жаңа заңнамалық базасын қалыптастыруға, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға атсалысты. Оқу ордамызды бітірген түлектер әлемдік аренада Қазақстанның мүддесін қорғай отырып, дипломатиялық қатынастарды нығайтты.

Қара шаңырақ Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан көптеген ғалымдардың ордасы. Түлектер физика, химия, биология және математика салаларында маңызды зерттеулер жүргізіп, Қазақстан ғылымының халықаралық деңгейге шығуына ықпал етті.Ақпараттық технологиялар, энергетика, жасанды интеллект сияқты заманауи салаларда оқу орадамызды бітірген мамандар алдыңғы қатарда екені баршаға мәлім.ҚазҰУ түлектері әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық бастамаларында белсенді. Олар білім беру, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларында маңызды өзгерістерге қол жеткізуде.

Әл-Фараби атындағы Заң факультеті қылмыстық құқық қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының түлектері Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан кейінгі құқықтық реформаларды әзірлеуге белсенді атсалысты. Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін дайындауда үлкен үлес қосты. Олар парламентте, министрліктер мен ведомстволарда, сондай-ақ аймақтық басқару органдарында басшылық қызметтер атқарады. Еліміздің құқықтық, саяси және әлеуметтік дамуына үлес қосуда және  құқықтық және саяси жүйесінің негізін қалауда маңызды рөл атқарды. Олардың елге сіңірген еңбегі ел тәуелсіздігін нығайту, құқықтық мемлекет құру және қоғамның дамуына бағытталған көптеген бастамалармен тығыз байланысты.

Сапалы білім беру – қоғамның басты міндеті. Сапалы білім алған түлек – өз елінің нағыз патриоты, болашағынан зор үміт күттіретін маман. Бұл үрдісті үздіксіз дамыту арқылы біз еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына сенімді қадам жасай аламыз. Тек білімге құштарлық пен адал еңбек қана жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ҚазҰУ түлектері – тәуелсіз Қазақстанның рухани және материалдық байлығын арттыруға үлес қосқан нағыз интеллектуалдық элита. Олар мемлекеттің әр саласында өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын қолдана отырып, елдің дамуы мен гүлденуіне ықпал етуде. Университеттің түлектері – еліміздің бүгінгі және болашақтағы жетістіктерінің негізі.

С.Б. Дүзбаева.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының Phd докторы, доцент

А.Ж. Жақыш.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

Р.Б. Тұрысбек.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы