Қытай визасыз транзиттік кезеңді 240 сағатқа дейін ұзартты

Қытай елі визасыз транзит саясатын айтарлықтай жеңілдеткені жайлы хабарлады. Шетелдік туристердің визасыз жүру мерзімі 72 және 144 сағаттан 240 сағатқа дейін ұлғайтылды.

Қытай Халық Республикасының Иммиграция жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, жаңашылдық 18 желтоқсанда күшіне енген. Транзиттік саяхатшылар енді 24 провинцияда, автономиялық аймақтарда және муниципалитеттерде орналасқан 60 бақылау-өткізу пункті арқылы визасыз кіру мүмкіндігін пайдалана алады.

Шетелдік азаматтардың тұру аймақтары да кеңейтілді, бұл туристерге елдің әртүрлі аймақтарын еркін зерттеуге мүмкіндік берді.

Бағдарлама 54 елдің, соның ішінде Ресей, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Бразилия азаматтарына қатысты. Визасыз транзиттің негізгі шарты – Қытай аумағы арқылы үшінші елге немесе аймаққа бару.

Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим туралы жеке келісім бар, ол 2022 жылдың қаңтарында күшіне енді. Қазақстан мен Қытай азаматтары екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз бола алады, бұл туристік және іс сапарларға қосымша мүмкіндік береді.

Транзиттік кезеңді 240 сағатқа дейін ұзарту туралы жаңашылдық халықаралық туризмді ынталандыруға және Қытайдың басқа елдермен, соның ішінде Қытай экономикалық және мәдени қарым-қатынастарын белсенді дамып жатқан Қазақстанмен байланысын нығайтуға бағытталған.

Ғазиза Ұзақ