Салауатты өмір салты – қоғамның болашағы

2024 жылдың 8 қазанында ЮНЕСКО және Тұрақты даму мақсаттарының «Салауатты өмір салты және салауаттылық» атты 3-мақсатын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «6В04205 — Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс 106 топ студенттері «Салауатты өмір салты – денсаулықтың негізі» атты кезекті белсенді жаттығуларын өткізді.

Салауатты өмір салты – бұл ең алдымен денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған белсенді іс-әрекет. Әрбір адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ол саналы түрде таңдалған шешімдер мен дағдылар нәтижесінде қалыптасады. Денсаулық — адамның ең басты және бағалы байлығы. Оны ақшаға сатып алу мүмкін емес, бірақ оны дұрыс күтіммен, еңбекпен сақтауға болады. Сондықтан әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстануы қажет.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты – қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру. Спорттық жаттығулар адам ағзасының өсуіне, дамуына, жұмыс қабілетін арттыруға ықпал етеді. Қозғалыс адам денсаулығына жағымды әсер етеді, иммунитетті көтереді, сондай-ақ әртүрлі ауруларға төзімділікті арттырады. Сонымен қатар, спортты күнделікті өмірге енгізу адам өмірінің сапасын да айтарлықтай арттырады.

«Денсаулық — зор байлық», — деген сөз тегін айтылмаған. Адам өмірге келген соң оны жай ғана өткізуге болмайды. Әрбір адам өз өмірін саналы, жарқын және толыққанды өмір сүруге арнауы керек. Денсаулықтың қадірін білу үшін оның құндылығын терең түсіну қажет. Ата-бабамыздың «Бірінші байлық – денсаулық» деген қағидасы бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Әсіресе, қазіргі уақытта денсаулықты сақтау – әр адамның басты міндеті.

Спорт жаттығулары мен салауатты өмір салты адам денсаулығының негізі болып табылады. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оны нығайту үшін спортпен айналысуы керек. Спорт — тек физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да пайдалы, себебі ол стрессті жеңуге, көңіл-күйді жақсартуға және өз-өзіне сенімді болуға көмектеседі. Бүгінгі күні салауатты өмір салтын ұстану маңызды әрі қажетті құндылыққа айналды.

Салауатты өмір салтын ұстану және денсаулықты сақтау — адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де үлкен маңызға ие. Әр адам денсаулығына жауапкершілікпен қарап, оны нығайту үшін спортпен шұғылдануы тиіс. Бұл тек физикалық денсаулықты сақтау ғана емес, сондай-ақ жалпы өмір сапасын жақсарту болып табылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің студенттері өткізген спорт жаттығулары осының айқын дәлелі болып табылады. Бұл шара салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсете отырып, денсаулықты нығайту үшін белсенді әрекеттердің қажеттілігін түсіндірді.

1 курс 106 топ студенті Р. Мухум,

топ эдвайзері С.Ш. Даубасова