Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді
ҚР Оқу-ағарту министрі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында өңірлердің тұрғындары бейнеконференцбайланыс режимінде өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Өтініштер мектепке дейінгі және орта білімнен бастап техникалық, кәсіптік және инклюзивті білім беруге дейінгі білім беру жүйесін дамытуға байланысты тақырыптарды қамтыды.
Қабылдау барысында министр келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жеке бақылауына алынды. Айтылған мәселелерді жедел шешу үшін Министрліктің бейінді комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, министр азаматтарды жеке қабылдауды өңірлерде де, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйінің 16 кіреберісінде орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да жүргізеді.