Алматы ЮНЕСКО-ның алғашқы Жаһандық жастар форумының алаңына айналды

Алматыда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының алғашқы Жаһандық жастар форумы ашылды. Шараға әлемнің шамамен 60 елінен 150-ден астам қатысушы жиналды.

Форумды ЮНЕСКО және ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Дүниежүзілік федерациясы (WFUCA) Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы, Қазақстан мен Францияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялары, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Екі күн бойы ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының делегаттары, сондай-ақ мемлекеттік, академиялық және іскерлік орта өкілдері, оның ішінде ЮНЕСКО сарапшылары маңызды мәселелерді талқылайды. Олардың қатарында әлеуетті нығайту, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жасанды интеллектті пайдалану этикасы, цифрлық технологияларды қолдану, орнықты туризм, климаттың өзгеруі, инклюзия және көркемдік білім беру мәселелері бар.

Форум аясында Қазақстанға бірқатар мәртебелі қонақ келеді. Олардың ішінде ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі Хуэли Аббин, жасанды интеллект саласындағы жетекші ғалым, доктор Уэйн Холмс, ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Дүниежүзілік федерациясы Атқарушы кеңесінің мүшелері және басқа да тұлғалар бар.

Форумның басты қорытындысы «ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының 2025-2030 жылдарға арналған жастар жол картасы++-: орнықты болашақты бірге құрамыз» атты құжаттың қабылдануы болмақ. Бұл құжат 94 елде жұмыс істейтін 5000-нан астам ұйымды қамтитын қозғалыстың стратегиялық даму бағыттарын айқындайды, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ЮНЕСКО клубтарының көшбасшыларының жаһандық желісін нығайтады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі