Қысқы Азиада чемпионы Владислав Киреев елге оралды

Астана халықаралық әуежайына биатлоннан IX қысқы Азия ойындарының чемпионы және командалық сайыстың күміс жүлдегері Владислав Киреев пен бас бапкер Мақсат Шаранов келді.
«Жеке сайыста чемпион атанғанымды тек марапаттау сәтінде ғана сезіндім. Ең басты жарысымыз — Азиада болғандықтан, жүйелі түрде дайындалдық. Командалық сында желдің қаттылығы нысана көздеуге кесірін тигізді. Азия ойындары мен биатлонан әлем чемпионатының уақыты қатар болғандықтан, бірден Швейцарияға аттанып, міне енді ғана елге оралып жатқан жайымыз бар. Ыстық ықыласпен, қазақи дәстүрмен қарсы алған барша жандарға алғысым шексіз », — деді өз сөзінде Владислав Киреев.
Оларды әуежайдан жақындары, жанкүйерлері және Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері, биатлон федерациясы, Қорғаныс министрлігінің орталық армия клубы, Қарағанды облысының спорт басқармасы өкілдері ерекше құрметпен күтіп алды.
Айта кетейік, 7-14 ақпан аралығында Харбинде өткен қысқы Азиада өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 20 медальмен (4 алтын, 9 күміс, 7 қола) жалпыкомандалық есепте 4-ші орынға тұрақтады.
Telegram-канал: Қысқы Азиада чемпионы Владислав Киреев елге оралды