KazAID және JICA түлектерінің қауымдастығы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстандағы JICA түлектері қауымдастығының жыл сайынғы жалпы жиналысы өтті. Іс – шараның негізгі спикерлерінің бірі KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов JICA бағдарламасының түлегі болды, ол студенттік жылдары Жапонияда оқуды JICA бағдарламасы арқылы өтті. Өз сөзінде ол JICA түлектерінің Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтіп, халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, мәртебелі Ясумаса Ииджима мырза, Қазақстан мен Қырғызстандағы JICA Тұрақты өкілінің орынбасары Кентаро Нишияма, Қазақстандағы JICA түлектері қауымдастығының президенті Нұрлан Сәрсенбай және басқалар сөз сөйледі. Спикерлер JICA түлектерінің ел дамуындағы рөлін, ынтымақтастық перспективаларын және халықаралық бастамаларды талқылады.
2024 жылы KazAID пен JICA түлектер қауымдастығы арасында бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі