Air Astana Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтады

Air Astana компаниялар тобы Халықаралық Әйелдері күніне орай, дәстүр бойынша мерекелік бейнежазба түсірді.

Компанияның Telegram желісіндегі ресми парақшасында «Келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отыра, авиация саласында еңбек етіп жүрген әйелдерге алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің қажырлы еңбегіңіздің арқасында Air Astana компаниялар тобы өз саласында жоғары стандарттарға сай», — делінген.