Қазақстан бес локомотивті Қырғызстанға ұсынды

Қазақстан көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру шеңберінде бес локомотивті Қырғызстанға өтеусіз тапсырды. Бес локомотивтен тұратын партия Қырғызстандағы ірі теміржол тасымалдаушысы «Кыргыз темир жолу «Ұлттық компаниясы» мемлекеттік кәсіпорнына берілді. Берілген локомотивтердің құрамына қазақстандық Қаратау, Жем және Шымкент теміржол станцияларынан шыққан екі маневрлік локомотив және үш магистральдық локомотив кірді.
Локомотивтерді беру көлік, энергетика және инфрақұрылымды қоса алғанда, негізгі салаларда көрші елдермен байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді жұмыс істейтін KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жәрдемінің арқасында мүмкін болды.
«Бұл қадам Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық қатынастарды нығайтатын дамуға ресми көмектің дәлелді мысалы болып, сондай – ақ инфрақұрылымдық бастамаларда KazAID қолдауының негізі болып табылады», — деп KazAID төрағасы А.Арыстанов атап өтті.
Берілген локомотивтер Қырғызстан темір жолдарындағы жүк тасымалы мен маневрлікті едәуір жақсартуға, өңірдің одан әрі экономикалық дамуын қолдауға көмектеседі.
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі