Абиба Абужақынова дзюдодан әлемдік Гран-при чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Аустрияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысында топ жарды. Жарыс финалында ол жапониялық Сачио Ёшиномен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жартылай финалға дейін Мизуки Хараданы (Жапония), ширек финалда Спрингер Жаклинді (Австрия), ал жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланды) ұтқан болатын.
Бұл — Абиба Абужақынованың жаңа маусымдағы алғашқы жарысы және алғашқы алтыны.
Айта кетерлігі, бүгін Аустрияда дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі басталды. Аталған жарыста әлемнің 52 елінен барлығы 416 татами шебері қатысып жатыр.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі