Су мәселесі ең өзекті тақырып

Таза су мен санитария – адамзаттың денсаулығы мен әл-ауқатының негізгі тіректері. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) алтыншысы дәл осы мәселелерге арналып, 2030 жылға дейін баршаға таза су мен санитарлық жағдайларды қамтамасыз етуді көздейді.

ТДМ 6 сегіз негізгі мақсаттан тұрады:

— 2030 жылға дейін баршаға қауіпсіз және қолжетімді ауыз суға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

— 2030 жылға дейін баршаға лайықты және тең санитария мен гигиенаға қолжетімділікті қамтамасыз ету және ашық дәретхананы жою, әсіресе әйелдер мен қыздар және осал топтардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудару.

— 2030 жылға дейін судың сапасын жақсарту, ластануды азайту, қауіпті химиялық заттар мен материалдардың төгілуін жою, тазартылмаған ағынды сулардың көлемін екі есе азайту және қайта өңдеу мен қауіпсіз қайта пайдалану деңгейін едәуір арттыру.

— 2030 жылға дейін барлық секторларда су пайдалану тиімділігін едәуір арттыру және су тапшылығын жою арқылы тұрақты су алуды қамтамасыз ету.

— 2030 жылға дейін барлық деңгейлерде су ресурстарын кешенді басқаруды іске асыру, қажет болған жағдайда трансшекаралық ынтымақтастықты қоса алғанда.

— 2020 жылға дейін суға байланысты экожүйелерді, соның ішінде тауларды, ормандарды, батпақтарды, өзендерді, көлдерді және су қоймаларын қорғау және қалпына келтіру.

— 2030 жылға дейін дамушы елдерге су және санитария саласындағы іс-шаралар мен бағдарламаларда, соның ішінде су жинау, тұщыландыру, су тиімділігі, ағынды суларды тазарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану технологиялары бойынша халықаралық ынтымақтастық пен әлеуетті арттыруды кеңейту.

— Су және санитарияны басқаруда жергілікті қауымдастықтардың қатысуын қолдау және нығайту. Бұл мақсаттар су ресурстарын тиімді басқару, санитарлық жағдайларды жақсарту және экожүйелерді қорғау арқылы тұрақты дамуға қол жеткізуді көздейді. Су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану үшін инновациялық тәсілдерді ұсынды. Олар халықты суды үнемдеуге үйрету, заманауи су тазарту технологияларын енгізу және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеу қажеттігін айтты. «Су – тек ресурстар емес, өмірдің негізі. Біз осы құндылықты сақтау үшін нақты қадамдар жасауымыз керек. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Оның көбі – балалар.

Кейбір елдердегідей аса қат болмағанмен, Қазақстанда да ауыз су проблемасы бар. Дегенмен еліміздегі жерасты су ресурстары арнайы зерттеліп, оның гидрогеологиялық картасы жасалған. Ол карталарда қай жерден, қандай тереңдіктен, қандай су шығатыны, оның мөлшері мен сол аймақтағы жерасты суларының барша қоры сияқты деректер көрсетілген. ТДМ 6 мақсаттарына жету үшін халықаралық ұйымдар және жергілікті қауымдастықтар бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Су ресурстарын тиімді басқару, санитарлық инфрақұрылымды дамыту және экожүйелерді қорғау арқылы ғана біз баршаға таза су мен санитарияны қамтамасыз ете аламыз.

К.Р. УСЕИНОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Заң факультеті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық

кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к