Honor Magic 7 Pro: Өміріңді жарқын ететін смартфон

Қазақстан нарығына 10 сәуірде сатылымға шыққан су жаңа Honor Magic 7 Pro смартфонын алғашқылардың бірі болып қолымызға алып, сынап көрдік. Жаңа смартфонды аса көп пайдаланбасақ та оның ерекше тұстарына мән беріп, сынап көрдік.

Смартфон тек байланыс құралы емес, ол – сенімді көмекшің. Honor Magic 7 Pro – өз стилін, жайлылық пен жоғары технологияларды бағалайтындарға арналған. Ол күнделікті өмірде кез келген жағдайда қолда болатыны сөзсіз, сондықтан оның қолданыстағы қызметіне көңіл аудардық.

Magic 7 Pro бірінші қарағаннан-ақ көздің жауын алады. Жұқа және элегантты дизайн, 6,8 дюймдік LTPO AMOLED экраны микроиілістерімен стильді көрініс береді, ал 1-120 Гц жаңарту жиілігі анимацияларды аса бірқалыпты көрсетеді.

👁‍🗨 Көзді қорғауға да ерекше назар аударылған:
✔️ HONOR Eye Comfort технологиясы
✔️ Айналмалы поляризация
✔️ Динамикалық жарықтық

NanoCrystal Shield экраны беріктікті арттырса, IP68 және IP69 сертификаттары құрылғыны ыстық су мен буға да төзімді етеді.

Күшті, сенімді және жайлы – Magic 7 Pro тек ойын-сауық пен жұмыс үшін емес, белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін де мінсіз таңдау!

Magic 7 Pro: қауіпсіздік, қуат және жайлылық

Magic 7 Pro деректеріңізді сенімді қорғайды! 3D-бет тану және ультрадыбыстық саусақ ізі сканері құрылғыны жылдам әрі қауіпсіз ашуға мүмкіндік береді.

🔒 Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері:

✔️ AI-құпия әңгіме режимі – жеке қоңырауларыңыз бөгде адамдарға естілмейді.
✔️ Интеллектуалды шуды басу – шулы ортада да қоңырау мен бейнеқоңырау дыбысы анық әрі таза.

Камера: керемет сәттерді ұмытылмас ету

Бұл камерамен әр сурет – өнер туындысы. 200 Мп негізгі камера, оптикалық тұрақтандыру және 3 есе оптикалық зум – барлық сәттерді анық және қанық түстерде түсіруге мүмкіндік береді. Тіпті түнгі түсірілімде де сапа жоғалмайды.

AI-суперзум функциясы арқылы алыстағы нысандарды 100 есеге дейін жақындатып, анық әрі детальді фотолар жасауға болады. Саяхатта жүргенде бұл мүмкіндік ерекше пайдалы – қаланың көрікті жерлерін, табиғаттың әдемілігін ешбір детальды жоғалтпай түсіруге болады.

Портреттік Harcourt режимі студиялық сападағы әсерлі кадрлар жасауға көмектеседі. Ал AI-ластик қажетсіз элементтерді оңай жояды, AI-силуэт нысанды фоннан бөліп алып, оны өзгертуде ыңғайлы етеді.

MagicOS 9.0: Смартфон бірден түсінеді

MagicOS 9.0 – бұл жай ғана жүйе емес, нағыз интеллектуалды көмекші. «Галерея» қосымшасындағы AI-редактор суреттерді автоматты түрде жақсартып, ең үздік өңдеу нұсқаларын ұсынады. AI-кеңейту функциясы қате кадрлауды түзетіп, композицияны жақсартады.

Эргономика және дизайн

Honor Magic 7 Pro – стиль мен жайлылықтың үйлесімі. 6,8 дюймдік LTPO AMOLED экраны 1-120 Гц адаптивті жаңарту жиілігімен анимацияларды тегіс әрі табиғи көрсетеді. HONOR Eye Comfort технологиясы көзге күш түсірмей, ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.

Батареясы мықты екен!

5850 мАч батарея күні бойы белсенді қолдануға жетеді. Ал 100 Вт жылдам зарядтау смартфонды санаулы минутта қуаттауға мүмкіндік береді – таңғы кофеңді ішкенше телефон дайын!

Қорытынды

Honor Magic 7 Pro – сенің стилің мен технологиялық талаптарыңды толықтыратын смартфон. Озық камера, қуатты процессор, стильді дизайн және жасанды интеллект – барлығы қолыңда!

HONOR Magic 7 Pro 669 990 теңге бағамен сатылады. Стандартты HONOR Magic 7 үлгісі 549 990 тұрады. Құрылғылар құрылғыға байланысты 500 000 теңгеге дейінгі жеңілдікпен trade-in бағдарламасы арқылы қол жетімді. Сондай-ақ, жаңа смартфон иелері сатып алған кездегі кэшбэк алады. Стандартты кепілдік қызметіне қосымша, HONOR Magic 7 және 7 Pro телефондарына қосымша жыл тегін қызмет көрсету және зақымдалған жағдайда экранды ауыстыруға 6 айлық кепілдік ұсынылады.