«Алматы жастары» бағдарламасы алматылықтарға өмірдің жаңа кезеңін өз баспанасымен бастауға қалай көмектеседі

«Алматы жастары» – жас мамандар үшін ең сұранысқа ие жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламаларының бірі. Жеңілдік мөлшерлемесі жылдық 5% және бастапқы жарна-10%-ды құрайды. Бағдарламаны пайдаланғандардың қатарында Жамбыл облысы Құлан ауылының тумасы, 30 жастағы инженер-технолог Жадыра Қайсарбаева да бар.

Қыздың айтуынша, ол алдымен Шұғыла шағынауданындағы «Алма Сити 5» тұрғын үй кешеніндегі алаңы 34 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі жалға берілетін пәтерде тұрып, айына 10 000 теңге төлеген. Кейін конкурстан өтіп, ипотека рәсімдеп, қазір Жадыра Қайсарбаева Шұғыла шағынауданында орналасқан «Шұғыла Сити» ТК-де ауданы 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтердің иесі болды. Ипотека мерзімі-8 жыл, ал ай сайынғы төлем – 157 000 теңге.

«Бастапқы жарнаға қажетті соманы жинау қиын болған жоқ, өйткені менде нақты мақсат пен темір тәртіп болды. Мен жаңа тұрғын үйіме және оның орналасқан жеріне өте қуаныштымын. Болашақта бұл ауданда метро станциясының ашылуы жоспарлануда, соның арқасында маған қаланың әртүрлі жерлеріне жету ыңғайлы болады», – деп бөлісті тұрғын үй бағдарламасының қатысушысы Жадыра Қайсарбаева.

Айта кетейік, қазір «Алматы Жастары» бағдарламасының шарттары әзірленуде, оның аясында «жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары үшін 1 050-ден астам қарызға квота қарастырылған. Қарыз сомасын 18 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап-2017 жылдан бері жеңілдікті шарттар бойынша 6 000-ға жуық адам жеке тұрғын үй сатып ала алды.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

Telegram-канал: Жалға беруден меншікке: жас маман «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қалай пәтер алды