«Жасыл аула» акциясы: алматылықтар қай жерден тегін көшет ала алады

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы жыл сайынғы «Жасыл аула» акциясы аясында көгалдандыру және жасыл қорды сақтау бағдарламасын жалғастырып келеді.

2025 жылдың көктемгі кезеңінде 228 өтінім мақұлданып, шамамен 2 мың жапырақты ағаш көшеті тегін таратылады. Қала тұрғындары көпқабатты үйлердің ауласын және қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін көшеттерді тегін ала алады.

Көшеттер 2025 жылы 19-20 сәуірде мына мекенжай бойынша әр ауданның комьюнити орталықтарында таратылады:

  1. Әуезов ауданы – Мамыр-1 ш/а., 26/1.
  2. Алатау ауданы – Саялы ш/а., 71
  3. Медеу ауданы – Назарбаев даңғ, 36.
  4. Жетісу ауданы – Боткин к-сі, 20.
  5. Түрксіб ауданы – Жас Қанат ш/а., 49А
  6. Алмалы ауданы – Байтұрсынов к-сі, 22/1.
  7. Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а., 343/7.
  8. Бостандық ауданы – Абай даңғ, 164/6.

Әр комьюнити орталықта 100 данаға дейін көшет таратылады.

Көшеттердің негізгі бөлігі мына мекенжайда дайындалады: Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 1/1 (ЖШС «Eco Almaty»).

Telegram-канал: «Жасыл аула» акциясы: алматылықтар қай жерден тегін көшет ала алады