Қазақстанда «Орталық Азия – Қытай» форматының ақпараттық агенттіктер форумы өтеді

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің басшысы Фу Хуамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар «Синьхуа» агенттігі мен Қазақстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ медиа саласында бірқатар іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады.
2025 жылғы негізгі іс-шараларға, оңын ішінде «Орталық Азия – Қытай» және ШЫҰ форматындағы саммиттердің ақпараттық сүйемелдеуін үйлестіру және Қазақстанда «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ақпараттық агенттіктердің 2-ші форумын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Фу Хуа Агенттіктің қазақстандық БАҚ-пен ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етіп, қазақ әріптестерімен байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді.
Ол Қытай аудиториясы үшін екіжақты ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын объективті түрде жариялауға бейімделген Агенттіктің Алматы қаласындағы өкілдігі мен Астана қаласындағы корреспонденттік пункті табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Елші өз кезегінде Қазақстанның «Синьхуа»-мен дәстүрлі және жаңа өзара ықпалдастық форматтарында, соның ішінде жаңа медиа, жасанды интеллект және цифрлық контент салаларын одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және жоғарыда аталған бағыттарда қазақстандық мамандар үшін тиісті курстар мен семинарлар ұйымдастыруға мүдделігін атап өтті.
«Синьхуа» ақпараттық агенттігі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі болып табылады.
Агенттіктің 200-ден астам өкілдігі бар, оның ішінде бүкіл әлем бойынша 183 халықаралық кеңселері бар, Агенттіктің бас кеңсесінің штаты 10 мың қызметкерлерді құрайды.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі