Онкология, экология және мектептер: Қазақстанда жүйелі әлеуметтік өзгерістерге арналған қор жұмысын бастады

ЕA Group Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған коммерциялық емес ұйым – EA Charity Fund қорының жұмысы басталғаны туралы хабарлайды. Бұл қор холдинг жұмысының қайырымдылық бағытын жалғастырып қана қоймай, адамдардың өміріне күнделікті тікелей әсер ететін кедейлік, білім алудағы теңсіздік және экологияның нашарлауы сияқты мәселелерді шешумен, нақты өзгерістер енгізумен айналысады.

EA Charity Fund қоры 2024 жылдың қараша айында құрылғалы бері 350 мың адам мен өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 13 жобаға қолдау көрсетіп үлгерді. Қордың осы мақсаттарға бөлген жалпы қаржысы 800 млн теңгені құрап отыр.

«ЕA Charity Fund құрылуы – біздің әлеуметтік жауапкершілігімізді ғана емес, аймақтағы негізгі проблемаларды шешуге нақты үлес қосу мүмкіндігімізді де жүзеге асыру деп айта аламыз. Қазіргі таңдағы өзекті проблемалардың шешімін табатын жобаларды ғана емес, болашаққа қажет тұрақты шешімдерді қамтамасыз ететін бастамаларды қолдаймыз. Біздің «Қайырымдылық жасайтын жандарға көмектесу» деген ұранымыз қоғамда оң өзгерістер құруға деген көзқарасымызды білдіреді», – дейді EA Group CEO Ерік Аубакиров.

Өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлер мен белсенді жандар тап болатын басты проблеманың бірі – қаржыландырудың жетіспеуі. Міне, сондықтан өз қоғамындағы жағдайды өзгертуге ұмтылатын жандарды қолдау үшін EA Charity Fund қоры құрылды. Қор толығымен EA Group Holding қаражатымен қаржыландырылады және сыртқы грант берушілерден қаржы алмайды. EA Charity Fund қазіргі таңда Батырхан Шөкенов атындағы Қор, Қазақстандағы онкология жоғары мектебі және Неврозовтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі сияқты маңызды әлеуметтік жобаларды қолдап келеді. Болашақта қор қызмет аясын кеңейтіп, өңірдегі жағдайды нақты өзгерте алатын жаңа жобаларға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

«Біздегі әлеуметтік проблемалар тасада қалмауы тиіс. Мысалы, соңғы бір жылдың өзінде онкологияға шалыққан науқастардың саны 6 пайызға артты, ал 2026 жылы мектептерде 1,1 млн орын тапшылығы туындайды. Бұл проблемалар қазірдің өзінде тұтас ұрпақтың болашағына қауіп төндіріп тұр. Осындай келеңсіз жағдайдың жалғыз шешімі – осы проблемаларды іс жүзінде шешін жандарға қолдау көрсету екеніне сенімдіміз», – дейді EA Charity Fund директоры Айбар Бөрібаев.

Журналистика мен әлеуметтік жобалар саласында көп жылдық тәжірибесі бар Айдар бұған дейін Reuters және Forbes секілді ірі медиада еңбек өтті, сондай-ақ, Medialeaks платформасының негізін қалаған. Осыншама тәжірибе қордың жобаларды тиімді жүзеге асыруына және қоғамға оң өзгерістер әкелетін бастамалармен жұмыс істеуіне көмектеседі.

EA Charity Fund қоры білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығынан бастап экологиялық апаттарға дейінгі нақты проблемалармен күресетін жандарды қолдауға баса назар аударады. Қордың негізгі жобасының бірі – қоғамға тікелей әсері бар жобаларды жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған Tamyr Platform акселерация бағдарламасы. Бұл жоба әлеуметтік стартаптарды іске қосып, олардың ауқымын кеңейтуге, қажет ресурстар тауып, қаржыландыруға бағытталған.