Таңбалау жүйесіне қатысатын шетелдік компаниялар Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады

Таңбалау жүйесіне қатысатын шетелдік фармацевтикалық компаниялар Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады. Оған 2025 жылғы 18 сәуірде күшіне енген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы мүмкіндікті береді. Бұл құжат “Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету” пилоттық жобаны іске асырады.
Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының дәрілік заттарды таңбалау жобасының жетекшісі Анар Карибаеваның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 28 елден келген шамамен 130 шетелдік өндіруші компанияның дәрі-дәрмектері сатылуда.
«Жоба аясында шетел азаматтары «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін қажет ЖСН-ды жылдам әрі оңай ала алады. Бұл бастаманың маңызды бөлігі – ЖСН-ды Қазақстаннан тыс жерде алу мүмкіндігі. Бұл шетелдік компаниялар үшін жағдайды жеңілдетіп, Қазақстан нарығына шығу процесін жылдамдатады», – деді Анар Карибаева.
Пилоттық жоба Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірумен және/немесе импорттаумен айналысатын шетелдік азаматтар үшін әкімшілік процестерді жеңілдету мен жаңғырту мақсатында қолға алынды. Ол мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу, бизнес тіркеу және басқа да әкімшілік рәсімдер үшін қажет ЖСН-ды жедел алуға мүмкіндік береді. Аталған жобы осы жылдың соңына дейін қолданыста болады.
Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/G25IY111418
Tañba Бірыңғай таңбалау операторының Баспасөз қызметі
Telegram-канал: Таңбалау жүйесіне қатысатын шетелдік компаниялар Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады