Бауыржан Момышұлының портреті Гиннестің рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)

«Астана Арена» стадионында 2 736 шаршы метр болатын Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалып,  ол «Әлемдегі ең үлкен портрет» ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.

Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Оған Астананың шығармашылық ұжымдары, педагогтер мен оқушылар қатысып, биіктігі 70 метр, ені 32 метр болатын портретті фотомозайка форматында құрастырып шықты. Әрбір пиксельдің өлшемі 1 шаршы метрді құраған.

Іс-шараға арнайы Қытай және Үндістан мемлекетінен өкілдер шақырылды.  Рекорд тіркелгенен кейін ұйымдастырушыларға сертификат пен медаль берілді.