Президент Архиві мен Astana IT University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Astana IT University өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың мақсаты – ғылыми зерттеулерді дамыту, архивтерді цифрландыру және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау.

Меморандумға ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина мен Astana IT University ректоры Асқар Хикметов қол қойды. Құжат ақпарат алмасу, бірлескен жобаларға қатысу, архивтік материалдарды цифрландыруға бағытталған бағдарламалар мен технологияларды әзірлеу және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту шараларын қамтиды.

Архив директоры Әлия Мұстафина: «Алдыңғы қатарлы IT-университетімен ынтымақтастық архив ісінің цифрлық трансформациясы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін. Бұл бізге тарихи құжаттарды сақтап қана қоймай, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге, сондай-ақ жас мамандарды ұлттық мұраны насихаттауға арналған жобаларға тартуға мүмкіндік береді», – деді.

Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және ЖИ зертханасын құру саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Цифрлық архивтік технологиялар саласында мамандар даярлау үшін тағылымдамалар, тәжірибеге бағытталған бағдарламалар және академиялық алмасуды дамыту жоспарланды.

Кездесуде Асқар Хикметов: «Бұл ынтымақтастық студенттерімізге тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Архивтік материалдарды цифрлау үшін жасанды интеллект зертханасын құру, сондай-ақ архив ісінде ақпараттық технологияларды қолдануға арналған халықаралық жазғы мектеп ашу мәселелері талқыланды. Бұл бастамалар цифрлық технологиялар мен тарихи-мәдени мұраны ұштастыратын жаңа құзыреттерді қалыптастыру алаңына айналатынына сенімдіміз», – деді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Astana IT University арасындағы келісім еліміздің тарихи жадын сақтау мен болашақ ұрпаққа жеткізу ісінде маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Меморандум үш жыл мерзімге жасалды және автоматты түрде ұзартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві

Telegram-канал: Президент Архиві мен Astana IT University ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды