Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып, минералды ресурстардың сенімді экспорттаушысы мәртебесін сақтап қалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай, Ресей және Италия еліміздің ірі сауда серіктестері болды — дәл осы үш мемлекетке экспорттың да, импорттың да негізгі көлемі тиесілі.

Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы  81 млрд АҚШ доллларынан  асты. Бұл соманың жартысынан астамы, яғни 42,9 млрд АҚШ доллары  шикі мұнайға тиесілі, бұл бүкіл қазақстандық экспорттың 52,5% құрайды. Сонымен қатар, ел сыртқы нарыққа  уран ( 4,6 млрд АҚШ доллары), мыс және мыс катодтарын (4,1 млрд АҚШ доллары), сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын  3,2 млрд АҚШ доллары) белсенді түрде жеткізді. Ферроқорытпаларға, табиғи газға, бидайға және мұнай өнімдеріне тұрақты сұраныс сақталып отыр.

2024 жылы техника, көлік және фармацевтика саласында импорт  белсенділігімен ерекшеленді. Ең үлкен көлем  жеңіл автомобильдерге ($2,3 млрд), ұшу аппараттарына ($1,8 млрд), дәрілік препараттарға ($1,7 млрд) және телекоммуникациялық жабдыққа тиесілі болды. Қазақстандық нарық дайын бұйымдарды да, жиынтықтауыштарды — шанақтарды, қосалқы бөлшектерді, есептеу техникасын да импорттай отырып, жаһандық өндірістік тізбекке кіруін  жалғастыруда.

2025 жылдың басы осы тенденциялардың тұрақтылығын растады. Қаңтар айында Қазақстанның экспорты  $4,5 млрд құрады, оның 60% – ы тағы да мұнайға тиесілі. Жеткізу құрылымында мыс, ферроқорытпалар, бидай, сондай-ақ уран, табиғи газ және күнбағыс майы маңызды позициялар болып қала берді. Қаңтар айында импорт 2,8 млрд АҚШ долларынан асты. Жетекші санаттарға телефондар, автомобиль корпустары, дәрі-дәрмектер және жеңіл автомобильдер жатады. Сондай-ақ құрылыс техникасы мен қозғалтқыштарды жеткізудің өсімі байқалады.

Шикізат экспорты мен жоғары технологиялық өнім импорты арасындағы теңгерімнің сақталуы Қазақстанның сыртқы экономикалық бағытының орнықтылығын растайды. 2025 жылы Қытаймен, Ресеймен және Еуропалық Одақ елдерімен стратегиялық әріптестікті дамыту, сондай-ақ Орталық Азия нарықтарындағы позицияларды нығайту басымдық болып қала береді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Telegram-канал: Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері