Алматыда ірі көлемдегі контрафактілік ұялы телефон өнімдерін сатудың жолы кесілді

Әділет департаментінің өкілдері Xiaomi Inc. компаниясына тиесілі тауар белгісін заңсыз пайдаланып келген контрафактілік өнімдерін сату фактісін анықтады. Xiaomi Inc компаниясының өкілінің өтініші негізінде Алматы қаласының ірі сауда базарларының бірінде әділет органдарының өкілдері жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, Xiaomi және Redmi тауар белгілерін заңсыз сату фактілерінің жолын кесті.
Тексерулер нәтижесінде 700-ден астам контрафактілік өнім, оның ішінде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асатын ұялы телефондар мен мобильді аксессуарлар тәркіленді.

Контрафактілік өнімді сату тұтынушылардың сеніміне нұқсан келтіріп қана қоймай, заңды бизнеске зиян келтіреді. Сондай-ақ құқық иеленушілердің құқықтарын бұза отырып, ҚР заңнамасында көзделген жауаптылық әкеп соғатынын ескерткіміз келеді.
Зияткерлік меншікті қорғау-экономикадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары жүргізілуде.

Іс материалдары кінәлі адамды жауапқа тарту үшін сотқа беріледі.

Әділет органдары тұтынушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, контрафактілік өнімді өткізу жағдайларын анықтау және жолын кесу жөніндегі өз жұмысын жалғастырады.

Telegram-канал: Алматыда ірі көлемдегі контрафактілік ұялы телефон өнімдерін сатудың жолы кесілді