Үлкен жауапкершілік пен қоғам алдындағы борыш

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік – күнделікті көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды еңбек нәтижесі. Полиция мен мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейтін адамдардың міндеті – заңның орындалуын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын қорғау. Бұл – тек кәсіби міндет емес, үлкен жауапкершілік пен қоғам алдындағы борыш.
Бүгінгі әлемдегі тұрақсыздық жағдайында құқықтық тәртіпті сақтау бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл салада тек күштік құрылымдар емес, бүкіл қоғам бірігіп әрекет етуі қажет. Жас мамандардың қатысуы, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.
Олжас ДЖАПАРКУЛОВ,
“Ауыл” ХДПП атынан Жетісу облыстық мәслихат депутаты.